Қазақстанда ЖШС тіркеуге және ашуға:

  • ҚР азаматының;
  • Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктің;
  • Тұруға ықтиярхаты жоқ, бірақ бизнес- иммигрант визасы бар шетелдіктің (ЕАЭО азаматтарынан басқа);
  • шетелдік заңды тұлғаның құқығы бар.

ЖШС-ті тіркеуге жалғыз қатысушы немесе тұлғалар тобы құқылы

Қазақстанда бизнес ашу үшін не қажет (ЖШС үшін):

1-қадам. Компанияның қандай нысанда тіркелетінін анықтаңыз (көбінесе бұл ЖШС);

2-қадам. Бірегей болуы тиіс ЖШС атауын ойлап табу (атауы үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ толық және қысқаша нысанда болуы мүмкін);

3-қадам. Заңды мекенжайды анықтау (құрылтайшының үй мекенжайы бойынша компанияны тіркеу, тұрғын емес немесе кеңселік үй-жайды жалға алу немесе сатып алу, заңды мекенжайды сатып алуға шарт жасасу);

4-қадам. Қызмет түрін таңдау (ЭҚЖЖ);

5-қадам. Болашақ қызметке сәйкес ЖШС қандай субъектіге жататынын анықтау: шағын бизнес, орта немесе ірі;

6-қадам. Кәсіпкерлік субъектісіне байланысты жарғылық капиталдың ең аз мөлшері айқындалады (шағын бизнес үшін - 0 теңге, өзге ұйымдар үшін - құжаттарды беру күніне ең аз дегенде 100 АЕК);

7-қадам. ЖШС жұмыс істейтін салық салу режимін таңдау. Компаниялар арнайы салық режимдерінің (АСР) бірінде не жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен (ЖБР):

Айта кету керек, бөлшек салықтан басқа және белгіленген шегерімді пайдаланатын барлық АСР 2023 жылға дейін ЖШС кірісіне салынатын салықтан босатылған.

8-қадам. Құрылтай шартына қол қою (егер қатысушылар бірнешеу болса);

9-қадам. ЖШС құру туралы шешімді ресімдеу;

10-қадам. ЖШС жарғысын әзірлеу және бекіту (жарғының үлгі нысаны бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі);

11-қадам. Құрылтайшылардың шешімімен директорды тағайындау;

12-қадам. Құрылтайшыға(-ларға) ЖСН алу. ЖСН қалай алуға болады?

13-қадам. ЭЦҚ алу (егер құрылтайшылар бірнеше болса, онда әрқайсысына) ЭЦҚ қалай алуға болады?;

14-қадам. ЖШС-ті ХҚКО-да немесе Egov.kz порталында тіркеу;

15-қадам. Банкте есеп айырысу шотын ашу. Банкті қалай таңдау керек?;

16-қадам. Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасу. Себебі ЖШС-де ең болмағанда бір жұмыскер - директор бар;

17-қадам. Мөрге тапсырыс беру (бірақ мөр міндетті емес);

18-қадам. Лицензияны ресімдеу, қызметтің басталғаны туралы әкімдікке хабарлама беру (егер қызмет лицензиялауға жататын болса немесе мемлекеттік органдарды хабардар етуді талап етсе);

19-қадам. Кейбір қызмет түрлеріне POS-терминал қажет екенін ескеріңіз

Компанияның онлайн-тіркелуі үшін құрылтай шарты мен жарғының болуы міндетті емес, алайда заңнаманың талаптарын сақтау және болашақта проблемаларды болдырмау үшін осы құжаттарды бірден ресімдеуді ұсынамыз.

Егер болашақ ЖШС қызметі жарғылық капиталды қалыптастырудың күрделі схемаларымен байланысты болмаса және ЖШС қандай да бір холдингтің құрылымына кірмесе және т.б., онда Үлгілік Жарғыны пайдалануға болады, оның нысаны ҚР ҚМ 24.02.2015 жылғы № 106 бұйрығымен бекітілген.

ЖШС онлайн тіркеу және ашу

Компанияны онлайн тіркеу үшін құрылтайшылардың әрқайсысында ЖСН және ЭЦҚ болуы тиіс. ЖСН салық қызметі базасында тіркелуі тиіс (мына жерден тексеруге болады). Егер салық органдарының базасында ЖСН болмаса, оны енгізу үшін оларға жүгіну қажет.

Не істеу керек:

  • Egov.kz порталында авторлану:

https://uchet.kz/upload/medialibrary/111/xy0391gzvymw3dxrjmidt2ph64sn9zs2.png


  • «Бизнеске», «Бизнесті тіркеу және дамыту», «Бизнесті тіркеу және тарату» деген қосымша беттеріне көшу:

https://uchet.kz/upload/medialibrary/6e2/kcr4f1ekz6sbfqxzlyhry777sysh2hgl.png
https://uchet.kz/upload/medialibrary/b68/ip1btychfz44yz9mlunlxsrssx81byt5.png


  • «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу...» қызметін таңдау:

https://uchet.kz/upload/medialibrary/803/v1umxvkktezqrk5zifc2w1rpunyvpcl0.png

https://uchet.kz/upload/medialibrary/cf9/ni2947kfjj2m56ye3pqyqyujtfydglkb.png


  • «Заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу...» тіркеу түрін таңдау:

https://uchet.kz/upload/medialibrary/dd6/e5qm9gvaocqoepmai02f6rbjibuol4hc.png


  • басшы, меншік иелері (құрылтайшылар), олардың ЖШС-тегі үлесі, ұйымның орналасқан жері, ЭҚЖЖ, жұмыскерлердің шамамен алғандағы саны туралы деректерді толтыру;
  • ЖШС банктік шоты ашылатын банкті таңдау;
  • жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүргізілетін сақтандыру ұйымын таңдау:

https://uchet.kz/upload/medialibrary/2a4/l0xw047fc343c7n4cadl1q4l999jkywr.png


  • қажет болған жағдайда қызмет құнын төлеуге (ШОБ үшін – тегін);
  • ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою (егер құрылтайшылар бірнешеу болса, олардың әрқайсысы порталдағы өзінің жеке кабинеті арқылы қол қояды):


https://uchet.kz/upload/medialibrary/32b/bi6exudlyezj9y1yljjmv2vea3p27p93.png



Өтінімнің мәртебесін жеке кабинеттен «Қызметтерді алу тарихы» қосымша бетінен бақылауға болады:

https://uchet.kz/upload/medialibrary/797/9bd4h5ubb2uenu157ltp6hbuk22lrgb9.png

 

Тіркеу мерзімі 1 жұмыс күнін алады, ал ШОБ субъектілерін тіркеу портал арқылы өтініш берген сәттен бастап бір сағатты алады. Тіркеу аяқталғаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы электрондық анықтама беріледі.

Онлайн-қызмет бір рәсімде ЖШС тіркеуге, банктік шот ашуға және сақтандыру шартын жасасуға мүмкіндік береді, бұл өтініш берушіні үш түрлі мекеме мен ұйымға барудан құтқарады.

Учёт.kz сіздің компанияңыздағы барлық цифрларды онлайн түрде меңгеруге көмектесетін БИЗНЕСТІ АШУҒА АРНАЛҒАН 5 СЕРВИСТІ ұсынады:

1. Негізгі цифрлармен меншік иесі үшін Бұлтты бухгалтерия + Dashboard;

2. Ұялы телефондағы онлайн-касса;

3. Электрондық құжат айналымы;

4. Мәмілелер жасасу кезінде контрагенттерді тексеру;

5, Бухгалтерлік аутсорсинг.

Бухгалтерияңызды барынша автоматтандыратын 10-нан астам IT-шешімдер бар. Сервистерді таңдау үшін uchet.kz сілтемесін басып, кез келген сервисті таңдай аласыз.