СЕН 710.00 - Ойын бизнесі салығы бойынша декларация

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 710.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 710.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 710.00-нысан

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

СЕН 710.00 - Ойын бизнесі салығы бойынша декларация

Декларацияны кім жасайды

710.00 декларациясының қосымшалары

Салықтық кезең

Декларацияны тапсыру мерзімі

Салықты төлеу мерзімі

Декларацияны кім жасайды

Ойын бизнесі салығы бойынша «Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (710.00-нысан салық есептілігі нысаны ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің ойын бизнесі салығының сомасын есептеуге арналған.

710.00 декларациясының қосымшалары

Декларация декларацияның өзінен (710.00-нысан) және салық салу объектілері бөлінісінде ойын бизнесіне салықты есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (710.01-нысан) тұрады.

«Ойын бизнесі салығы» қосымшасы (710.01-нысан) салық кезеңі (тоқсан) үшін Салық кодексінің 606-бабында айқындалған барлық салық салу объектілері бойынша ойын бизнесі салығының сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Салықтық кезең

Ойын бизнесі салығы үшін күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады. (ҚР СК 608-бабы)

Декларацияны тапсыру мерзімі

Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (710.00-нысан) есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.

Ойын бизнесі салығы бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің жері бойынша салық органына ұсынылады.

Салықты төлеу мерзімі

Ойын бизнесі салығы есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге тиіс. (ҚР СК 611-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 710.00-нысан

СЕН 710.00 - «Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация (710.00-нысан)».

710.00-нысандағы декларациясы

Декларацияны кім жасайды

Салықтық кезең

Декларацияны тапсыру мерзімі

Салықты есептеу

Төлеу мерзімі

 

710.00-нысандағы декларация

Декларация ойын бизнесі салығын, сондай-ақ қосылған құн салығын есептеуге арналған.

Декларация декларацияның өзінен (710.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (710.01-нысан) тұрады.

  • 710.01-нысандағы қосымша салық кезеңі (тоқсан) үшін ҚР СК 535-бабында айқындалған барлық салық салу объектілері бойынша (олар болған кезде) ойын бизнесі салығының сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Декларацияны кім жасайды

710.00-нысандағы декларацияны ҚР СК 534-бабына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Салық кодексінің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген заңды тұлғалар жасайды.

Салықтық кезең

Күнтізбелік тоқсан ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі болып табылады.

Декларацияны тапсыру мерзімі

710.00-нысандағы Ойын бизнесі салығы бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.

  • 1-тоқсан - 15 мамырдан кешіктірмей,
  • 2-тоқсан - 15 тамыздан кешіктірмей,
  • 3-тоқсан - 15 қарашадан кешіктірмей,
  • 4-тоқсан - 15 ақпаннан кешіктірмей.

Салықты есептеу

Ойын бизнесi салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, әрбір салық салу объектiсiне осы Кодекстің 535-бабына айқындалған тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргiзiледi.

Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда пайдалануға берілген кезде ойын бизнесі салығыбелгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда шығып қалған кезде ойын бизнесі салығыбелгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Төлеу мерзімі

Ойын бизнесіне салық есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады.

 

ҚР ҚМ 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығымен бекітілмегендіктен ойын бизнесі салығы бойынша салық тіркелімінің нысаны дербес әзірленеді.

«Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация (
710.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары