Бөлшек сауда – тауарды даналап сату. Бөлшек сауда бағалары өндіруші белгілейтін сатып алудан, оған сауда үстеме бағасынан қалыптастырылады. Бұл барлық сатып алушыларға қолжетімді тауарлар мен қызметтерді сауда орталықтарында, салондарда, интернет-сервистер арқылы сату.

Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 12-бабына сәйкес - Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс.

3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады.

4. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда уәкілетті орган айқындаған тәртiппен реттеледi.

5. Жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген жерден тыс жерлерде бөлшек сауданы жүзеге асыруға тыйым салынады.

«Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды және олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне» (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес бөлшек сауда – кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке, отбасылық, үйде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды сатып алушыға сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

Тауарларды бөлшек саудада өткізу кезінде ТІЖ ресімдеуге жатпайды (Қағидалардың 16-тармағы).

Қағидалардың 17-1-тармағына сәйкес - ТІЖ ерiктi негiзде ресiмдеу кезiнде бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушi ТІЖ өткiзу күнiнен бастап 15 (он бес) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бiр күн iшiнде өткiзудi көрсете отырып ресiмдейдi.

Бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушіге тауарларды (акцизделетін, авиациялық отын мен мазуттан басқа) көтерме саудада жеткізген жағдайда, ТІЖ тауарды өткізу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ресімделеді.

Мынадай жағдайларда алушының ТІЖ растауы талап етілмейді (Қағидалардың 23-тармағы):

3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемдерге сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын салық төлеушіге тауарларды өткізу кезінде:

·        оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану;

·        ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайды;

·        қызмет түрлеріне сәйкестігі (бөлшек сауда, экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес тамақпен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету);

·        деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдану.

Осындай салық төлеушiге ТІЖ ресiмдеу кезiнде алушы санатында автоматты түрде «Шағын сауда нүктесi» белгiсi қойылады.

ҚРҰЖ 03-2019 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ)

Кәсіпорынның негізгі экономикалық қызмет түрін айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 35 бұйрығы.