СЕН 641.00 - Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдарының есеп-қисабы.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 641.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 641.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 641.00-нысан

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

СЕН 641.00 - Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдарының есеп-қисабы.

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдарының есеп-қисабы» салық есептілігінің нысаны (641.00-нысан) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабының 1-тармағында көзделген салық режимінің тұрақтылығына Қазақстан Республикасы кепілдік берген, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшарттар (бұдан әрі - келісімшарттар) бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілердің Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа және автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдарының есеп-қисабын (бұдан әрі – есеп-қисап) жасау тәртібін айқындайды.

Күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 641.00-нысан

СЕН 641.00- «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, ЗТМО қорларына аударымдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдарының есеп-қисабы (641.00-нысан)».

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдарының есеп-қисабы (641.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ҚР СК 722-бабының 1-тармағында көзделген салық режимінің тұрақтылығына Қазақстан Республикасы кепілдік берген, заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР-мен жасалған келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілердің Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдарының есеп-қисабын (бұдан әрі – есеп-қисап) жасау тәртібін айқындайды.

Есеп-қисапты жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық нысанда - ҚР СК 208-бабына сәйкес толтырылады.

Есеп-қисапты ҚР СК 204-бабының 2-тармағына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, куәландырады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Есеп-қисапты ұсыну кезінде:

1) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште - екі данада жасалады, бір данасы төлеушіге тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) белгісімен және декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы жұмыскерінің қолымен және мөр (мөртабан) бедерімен қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - салық төлеуші почта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда - салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама алады.

Салықтық кезең

Есепті тоқсан есеп-қисапты ұсыну үшін салықтық кезең болып табылады;