ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына сәйкес - Бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.

Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:

1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде айқындалған анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

1-1) егер субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен артық ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде айқындалған анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

2) жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

3-1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болу туралы ақпарат (шұғыл хабарлама);

4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;

5) прокуратура органдарының адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы тапсырмалары;

6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;

7) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;

8) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспеу туралы өтінішімен байланысты қайта тексеру;

9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

10) салық төлеушінің жолданымдары, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер;

12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, адамның өміріне, денсаулығына және тіршілік ету ортасына қауіп төндіретін гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері;

13) эпидемияның, жалған және тіркелмеген пестицидтердің, ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындауы мен таралуы туралы мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері беретін ақпарат (шұғыл хабархат).

Жоспардан тыс тексерулер жасырын өтініштер болған жағдайда жүргізілмейді.

Нақты кәсіпкерлік субъектілері мен объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.