493.00-нысан - Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтер көрсететін ұйымдар ұсынатын үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер нысаны.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 554 бұйрығымен сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтер көрсететін ұйымдар ұсынатын үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер нысандары және оларды мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары бекітілді.

Нысандар мен Қағидалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Құжатпен бекітілгендер:

  • Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтер көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға көрсететін қызметтер туралы мәліметтер нысаны;
  • Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың мемлекеттік кірістер органына үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары.

Өтеусіз негізде әкімшілік деректер жинауға арналған нысан: www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Әкімшілік нысанның атауы: сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтер көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға көрсететін қызметтер туралы мәліметтер.

Өтеусіз негізде әкімшілік деректер жинауға арналған нысанның индексі: 493-О ҚЫЗМЕТТЕР.

Кезеңділігі: тоқсан сайын.

Өтеусіз негізде әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтер, үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер қызметтерін көрсететін ұйымдар.

Өтеусіз негізде әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей.

Ұйымдар ұсынатын мәліметтер негізгі нысаннан (493.00-нысан) және қосымшалардан тұрады:

     493.01-нысан, есепті кезеңде сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару) және лифтілерге қызмет көрсету қызметтерін нақты көрсететін салық төлеушілердің көрсетуіне арналған;

     493.02-нысан, есепті кезеңде темір жол көлігімен жүк тасымалдау саласында қызмет көрсететін салық төлеушілердің көрсетуіне арналған;

   493.03-нысан, есепті кезең үшін автомобиль көлігімен жүк тасымалдау саласында қызмет көрсететін салық төлеушілердің көрсетуіне арналған;

     493.04-нысан, есепті кезең үшін ішкі су, теңіз және әуе көліктерімен жүк тасымалдау саласында қызметтер көрсететін салық төлеушілердің көрсетуіне арналған;

   493.05-нысан, есепті кезең үшін көлік құралымен жолаушылар мен багажды тасымалдау саласында қызмет көрсететін салық төлеушілердің көрсетуіне арналған;

    493.06-нысан, есепті кезең үшін өнімді құбыржол көлігімен тасымалдау саласында қызмет көрсететін салық төлеушілердің көрсетуіне арналған.