Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңның 1-бабының 12-тармағына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылғандардың қызметтер топтамасына тең қол жеткізуіне негізделген. МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік бағдарланған болып табылады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС бойынша жалпы ережелер
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі МӘМС бойынша жалпы ережелер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС бойынша жалпы ережелер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) күшіне енуіне байланысты ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына тиісті өзгерістер енгізілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті медициналық жарналарды (МӘМС және МӘМСЖ) есептеу ережелері өзгереді:
- МӘМСА аударымдары есептелетін шекті кіріс 40 АЕК-ке дейін арттырылды; (МӘМС туралы Заңның 27-бабының 2-2-тармағы)
- МӘМСЖ жарналарын есептеу үшін шек 20 АЕК деңгейінде белгіленді. (МӘМС туралы Заңның 28-бабының 5-2-тармағы)
Медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет жүргiзетiн азаматтар санатынан жұмыссыз ретiнде тiркелген адамдар шығарылды.
Жарналарды төлеушілерге өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар қосылды.
МӘМС қатысушылары мен төлеушілері
Аударуға арналған деректемелер
МӘМС төлеуден кім босатылды
Азаматтардың жеңілдікті санаттары МӘМС төлеуден босатылды. Олар үшiн Медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет жүргiзедi.
МӘМС туралы Заңның 26-бабына сәйкес мемлекеттің МӘМС-ке жарналары мынадай адамдар:
1) балалар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар;
6-1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
10) жұмыс істемейтін қандастар;
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектігі бар адамдар;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп түсініледі.
МӘМС қатысушылары мен төлеушілері
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар:
1) төлеушілер;
2) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар;
3) денсаулық сақтау субъектілері;
4) уәкілетті орган;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
6) қор;
7) Мемлекеттік корпорация;
8) өзге де уәкілетті органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер және арнаулы салық режимдерін қолданатын және Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 820-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдар төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады (МӘМС туралы Заңның 15-бабы)
Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады:
1) мемлекет;
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
2-1) арнаулы салық режимдерін қолданатын және Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 820-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын адамдар.
Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер;
3-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
9) мыналарды:
- осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 8) және 10) тармақшаларында;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан басқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарынан және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – дербес төлеушілер);
11) жеке көмекшілер.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен қандастарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.
3. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің кірістері есебінен жүзеге асырады.
4. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі – салық агенті) осындай жеке тұлғалардың кірістері есебінен жүзеге асырады.
4-1. Жеке практикамен айналысатын адамдардың, дара кәсіпкерлердің, дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.
4-2. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар оларға кіріс төлеген кезде жүзеге асырады.
4-3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын және орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін жарналарды ұстап қалуды және аударуды Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы жүзеге асырады.
МӘМС-ке жарналар
Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2,2 пайызы;
- 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,7 пайызы;
- 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,2 пайызы;
- 2033 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,7 пайызы;
- 2035 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,2 пайызы;
- 2037 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 4,7 пайызы.
Бұл ретте мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді".;
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Қор растайтын құжаттар болған кезде осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қордың ақпараттық жүйесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мәртебесін мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары төленгенге дейін бір айға береді.
МӘМС туралы Заңның 28-бабы негізінде жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.
1-1. МӘМС туралы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайызы;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген адамдардың жарналары жарналарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде айқындалады.
Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК мөлшері қолданылады.
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектілері болып табылады.
Егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
МӘМС Заңының 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген және қолданылатын режим шеңберінде қызметті жүзеге асырудан ай ішінде алған кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
5-1. Жұмыскердің Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған кірісі жұмыскерлердің МӘМС Заңының 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
5-2. Жарналарды есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кіріс барлық есепке жазылған кіріс түрлерiнiң сомасы бойынша есептелуге тиiс және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 20 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Жарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кіріс сомасынан төленген кезде осындай жарналардың төленгенін растайтын құжат болғанда жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді.
Жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
Осы тармақтың талаптары дербес төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";
6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
МӘМС-ке аударымдар
Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:
- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 882-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 15,0 пайызды;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 13,95 пайызды;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 12,6 пайызды;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 12,1 пайызды;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11,6 пайызды;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 11,4 пайызды құрайды.
2. Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
2-1. Микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төленетін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
2-2. Аударымдарды есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кіріс жұмыскердiң есептелген кірістерінің барлық түрлерiнiң сомасы бойынша есептелуге тиiс және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 40 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Есептеу мерзімдері
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады. (МӘМС туралы Заңның 30-бабы)
1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер аударымдар мен жарналарды ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы Мемлекеттік корпорацияның банк шотына осындай бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып жалпы сомамен төлейді. (ҚР СК 823-бабының 5-тармағы).
2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.
2-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан заңды тұлғалар ай сайын жүзеге асырады.
3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.
3-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен бірге жүретін жұбайының (бірге жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына кейіннен аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу жолымен жүргізілуі мүмкін.
3-3. Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналарын есептеу және төлеу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 720-бабында және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
4. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
5. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
6. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:
1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
6) дербес төлеушілер - есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.
7. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн – қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні, төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні болып есептеледі.
Аударуға арналған деректемелер
МӘМСА және МӘМСЖ аударуға арналған деректемелер:
• KZ92009MEDS368609103
• 160440007161
• GCVPKZ2A
Төлем белгілеу кодтары (ТБК):
|
ТБК |
Төлемнің мақсаты |
|
121 |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) |
|
122 |
Қоса беріліп отырған тізімге сәйкес МӘМС-ке жарналар. (МӘМСЖ) |
|
124 |
МӘМС және МӘМСЖ уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл |
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі МӘМС бойынша жалпы ережелер
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
МӘМС төлеуден босатылған жеңілдікті санаттар
МӘМС жүйесіне қатысушылар мен төлеушілер
МӘМС аударымдарын есептеу және аудару
Аударуға арналған деректемелер
МӘМС-тегі сақтандыру бойынша өзгерістер
МӘМС жөніндегі жалпы ережелер
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна
мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылғандардың қызметтер пакетіне тең қол
жеткізуіне негізделген. МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік
бағдарланған болып табылады.
Екі пакет бар:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
(ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС),
оларға сәйкес адамдар медициналық көмек ала алады.
Мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді. Кепілдендірілген тегін пакетте барлық шұғыл медициналық қызметтер қалады:
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек (амбулаториялық-емханалық көмек);
- жедел жәрдем және санитарлық авиация;
- шұғыл стационарлық көмек;
- паллиативтік көмек.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмекке
кеңейтілген қолжетімділік алады.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына
сәйкес МӘМС пакетіне мынадай медициналық қызметтер кіреді:
• мыналарды қамтитын амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық
көмек:
1) профилактикалық медициналық тексеріп-қарау;
2) учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша тар бейінді дәрігерлердің қабылдауы және консультация
беруі;
3) бейінді мамандардың
созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;
4) уәкілетті орган
бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы
нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
5) диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (УДЗ, рентген,
КТ, МРТ);
• стационарлық
жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық
көмек (жоспарлы және шұғыл нысанда, оның ішінде тәуліктік стационардың қабылдау
бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу);
• медициналық оңалту.
• стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған
медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Белгілі бір
аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган бекітетін
медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда.
МӘМС төлеуден босатылған жеңілдікті санаттар
МӘМС төлеуден босатылған азаматтардың жеңілдікті санаттары. Олар үшiн Медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет жүргiзедi.
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5)
тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға
дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды
өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және
босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар)
үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген
адамдар;
6) мүгедектігі бар
балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
6-1) бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7) зейнетақы
төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен
мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу
изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы
қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
10) жұмыс істемейтін
қандастар;
11) "Алтын
алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын
"Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана
даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектігі бар адамдар;
13) орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
15) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.
Осы тармақтың мақсаттары үшін кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін
жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп
түсініледі.
МӘМС жүйесіне қатысушылар мен төлеушілер
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің қатысушылары:
- төлеушілер; медициналық қызметтерді тұтынушылар; денсаулық сақтау субъектілері; уәкілетті орган;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; қор; Мемлекеттік корпорация; өзге де уәкілетті органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, жұмыс берушілер, сондай-ақ қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері аударымдарды төлеушілер болып табылады.
Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады:
1) мемлекет;
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың
қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық
қызметшілер;
3) дара кәсіпкерлер;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған АҚС
шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – АҚС шарттары бойынша
кіріс алатын жеке тұлғалар);
9) жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - дербес
төлеушілер)
10) ЕСП төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар
ҚР аумағында тұрақты тұратын адамдар мен қандастарды қоспағанда, шетелдіктер
мен азаматтығы жоқ адамдар жарна төлеушілер болып табылмайды.
МӘМС-ке аударымдар
1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге тиіс аударымдары мынадай мһлшерде белгіленеді:
- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы.
1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:
- 2023 жылғы 1 қаңтарда – 15,0 пайыз;
- 2024 жылғы 1 қаңтарда – 13,95 пайыз;
- 2025 жылғы 1 қаңтарда – 12,6 пайыз;
- 2026 жылғы 1 қаңтарда – 12,1 пайыз;
- 2027 жылғы 1 қаңтарда – 11,6 пайыз;
- 2028 жылғы 1 қаңтарда – 11,4 пайыз.
Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
МӘМС жарналары
Қорға төленуге тиіс МӘМС-ке мемлекетінің жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекет жарналарын есептеу
объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан
бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан
бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан
бастап – мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің
жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан
бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын
есептеу объектісінің кемінде 2, бірақ 3 пайызынан аспайды. Бұл ретте мемлекет
жарналарының мөлшерi жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгiленедi.
Жұмыскерлердің,
оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ АҚС шарттары
бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төленуге жататын МӘМС жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.
1-1. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жұмыскерлердің жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 проценті;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы.
3. ДК,
жеке практикамен
айналысатын тұлғалардың жарналары 2020
жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
4, Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1
қаңтардан бастап жарналарды есептеу
объектісінің 5 пайызы мөлшерінде
белгіленеді.
МӘМС аударымдарын есептеу және аудару
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің МӘМС аударымдарын және (немесе) МӘМС жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.
АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.
ДК, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу кейіннен Мемлекеттік корпорация қордың шотына аудару үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын қорға төлеуі кейіннен Мемлекеттік
корпорация қорының шотына аудару үшін банктер немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
МӘМС туралы Заңның 30-бабы.
Есепке жазылған (ұстап қалған) МӘМС
аударымдарын және (немесе) МӘМС жарналарын қордың
шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:
1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
3) дербес
төлеушілер - есепті айдан
кейінгі айдың 25-күнінен
кешіктірмей. МӘМС туралы Заңның 30-бабы.
МӘМС туралы Заңның 31-бабының
негізінде МӘМС аударымдарының және (немесе) МӘМС жарналарының уақтылы
аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші
оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық
мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (қорға төлеу күнін қоса
алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту
туралы". Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 15361 болып тіркелді.
Аударуға арналған деректемелер
МӘМС-ке жарналарды аударуға арналған
деректемелер:
• KZ92009MEDS368609103
• 160440007161
• GCVPKZ2A
МӘМС үшін ТБК – 121
МӘМСЖ үшін ТБК – 122
МӘМС-тегі сақтандыру бойынша өзгерістер
2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап МӘМС-тегі сақтандыру бойынша өзгерістер күшіне енді
2022 жылғы 4 шілдедегі № 134-VІI Заңмен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өзгерістер енгізілді.
Заңның 5-бабында 2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталды:
Мұндай
жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш ай өткен соң төленетін жарналар
сомасы төленбеген кезеңнің есебіне есептелуге тиіс..
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлеуге міндетті».
Бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылды:
«3-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген, қорға жарналар төлемеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға мынадай тәсілдердің бірімен:
1) төлем күнінен кейінгі он екі ай кезең үшін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде, әрбір ай үшін;
2) төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлейді».
Осылайша, сақтандырылған адам мәртебесін алу үшін:
- Өткен 12 айдың өткiзiп алған кезеңдерiн төлеу және мәртебесiн жоғалтпау үшiн жарналарды одан әрi тұрақты төлеудi жалғастыру. Бұл тәсіл қарызы бар, ал қазіргі уақытта ресми түрде жұмысқа орналасқандар үшін ыңғайлы, енді ол үшін жарналар түседі;
- Ағымдағы айды қоспағанда, алдағы 12 айға жарна төлеуге және жыл бойы сақтандырылуға тиіс. Мәртебе келесі айдан бастап пайда болады. Егер мәртебені ағымдағы айда алу қажет болса, онда ол үшін де төлем жасау қажет.
Жарналарды екінші деңгейлі банктер, банктердің мобильдік қосымшалары, «Қазпошта» және төлем терминалдары арқылы дербес төлеуші ретінде әр ай үшін жеке төлеу керек. Барлық төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2-3 күн ішінде өңдейді, содан кейін мәртебе беріледі.
ҚР ҰЖ 03-2019 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ)
Кәсіпорынның негізгі экономикалық қызмет түрін айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 35 бұйрығы.