Арнаулы салық режимі - салық төлеуші Салық Кодексінде белгіленген шарттарды сақтаған кезде салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен өзгеше, жекелеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі; (ҚР Салық кодексінің 6-бабы)


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген шегерімді пайдаланатын АСР


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР


Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде арнайы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнайы салық режимін қолдану көзделген:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі;
  • Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай арнайы салық режимдері жойылды:

  • тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР;
  • бөлшек салық АСР;
  • патент негізінде АСР;
  • мобильді қосымша пайдаланылатын АСР;

Салық кодексінің 715-бабында режимдер бойынша барлық жалпы талаптар бір кестеге жинақталған:

Арнаулы салық режимдерінің түрлері

Субъектілер

Шекті кіріс мөлшері (қаржы жылының 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш)

Мөлшерлеме, кіріс %-ы

Қызмет түрлері/жер учаскесінің болуы

А

1

2

3

4

5

1

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі

жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары,

айына 300

жеке табыс салығы - 0
әлеуметтік төлемдер - 4 *

арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

2

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі

дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары

бір жылда 600 000

4% мөлшеріндегі (жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету/арттыру құқығымен) жеке табыс салығы/ корпоративтік табыс салығы

және белгіленген мөлшерлердегі әлеуметтік төлемдер*

арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі

3

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі

шаруа немесе фермер қожалықтары

-

жеке табыс салығы – 0,5

Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген шекті алаңдарда жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде

* Әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды мынадай салық салу режимдерінде:

  • оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде;
  • жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.

 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген шегерімді пайдаланатын АСР

ҚР Салық кодексі 678-бабына сәйкес - салық төлеуші мынадай арнайы салық режимдерінің бірін таңдауға құқылы:

1) шағын бизнес субъектілері үшін мыналарды қамтитын арнаулы салық режимдері:

  • тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимі;

Мынадай шарттарға сәйкес келетiн салық төлеушiлер тiркелген шегерiмдi пайдалана отырып арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы:

1) салық кезеңіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 50 адамнан аспайды;

2) салық кезеңіндегі кіріс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайды.

Күнтізбелік жыл патент негізінде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданудың салық кезеңі болып табылады.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен осы параграфта көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады.

Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің кірісі осы тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынуға жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

Табыс салығы рұқсат етілген шегерімдер сомасына азайтылған түзетулерді ескере отырып, салық салынатын кіріске мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі. (ҚР СК 690-б)

ЖТС және КТС мөлшерлемелері:

  • 10% - жеке кәсіпкерлер үшін;
  • 20% - заңды тұлғалар үшін.

СЕН 912.00 тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына тапсырылады.

Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу ҚР СК 696-бабының 1-тармағында декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.