2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша куәлік

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС бойынша куәлік


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша куәлік


Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою кезінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті беру (қалыптастыру) алынып тасталды (ҚҚС төлеушінің тіркеу есебі Салық кодексінің 99-103-баптарымен регламенттелген). 

Осыған байланысты ЭШФ бланкісіне «В. Жеткізушінің деректемелері» бөліміне «ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою күні» деген 9-жолды қосу бөлігінде өзгерістер енгізілді.


Бұл ретте 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушілер үшін ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою күнін автоматтандырылған түрде көрсету көзделген.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген ҚҚС төлеушілер үшін ҚҚС бойынша тіркеу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін көрсету мүмкіндігімен ЭШФ жазып беру тетігі қолданылады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС бойынша куәлік

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады, мерзімсіз болып табылады және салық органының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады. Куәлік нысанын уәкілетті орган белгілейді (ҚР Салық кодексінің 84-бабы).

Қазақстанда осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын мемлекеттік мекемелерді, резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін, салық төлеушілерді қоспағанда, осы бапта айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент заңды тұлғалар, резидент еместер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуға тиіс. (ҚР СК 82-бабы).

Ең төменгі айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 20 000 еселенген мөлшерін құрайды.

ҚР СК 82-бабының 6-тармағына сәйкес салық төлеушілер ҚҚС тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап ҚҚС төлеушілеріне айналады.

Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті салық төлеушінің Кабинетінде «Хабарламалар/Хабарлар» - «ҚҚС бойынша куәлік» бөлімінде басып шығаруға болады.

«ҚҚС бойынша куәлік» жолын басқанда ҚҚС бойынша куәлікке сілтеме пайда болады. Бұл сілтемені басқан кезде «ҚҚС бойынша куәлік» PDF форматында сақталады және оны басып шығаруға болады.

ҚР СК 84-бабында көрсетілгендей ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік мынадай міндетті деректемелерді қамтиды:

1) салық төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) сәйкестендіру нөмірі;
3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күні;
4) куәлікті қалыптастырған салық органының атауы.

Салық төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік жарамсыз деп есептеледі.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды салық органы қосылған құн салығын төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы өзгерген жағдайда үш жұмыс күні ішінде - салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауын өзгерту туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жүргізеді.