Қызметтi қайта бастау – бұл салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтарды, бюджетке төленетiн төлемдердi және әлеуметтiк мiндеттеменi есептеу, төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiнiң туындауына әкеп соғатын қызметтi жүзеге асыруының басталуы. (ҚР Салық кодексінің 117-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметті қайта бастау

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметті қайта бастау

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметті қайта бастау

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

ҚР Салық кодексінің 117-бабына сәйкес салық төлеуші (салық агенті):

1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;

2) тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқылы.

Салық төлеуші қызметі қайта басталған кезде салықтық есептілікті ұсынуды міндетті түрде қайта бастайды.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған күннен бастап қайта басталған күнге дейінгі кезеңде ҚҚС төлеушіге ЭШФ жазып беру тоқтатыла тұрады.

Салық салу объектілері болған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілігін ұсыну тоқтатыла тұрмайды.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтер салық органы тиісті шешімді қабылдаған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

Уәкілетті органның интернет-ресурсында салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтерді жариялау салықтық өтініште немесе жергілікті атқарушы органның жолданымында көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбауға негіз болып табылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұрудан бас тарту:

1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған;

2) салық төлеуші әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген;

3) салық органының орындалмаған хабарламалары болған жағдайда қабылданады.

Салық органы:

1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну күнінен бастап салықтық есептілікті ұсынған;

2) қызметін тоқтата тұру кезеңінде немесе қайта бастаған күннен бастап салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін қайта бастау фактісі анықталған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынуды қайта басталды деп таниды.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметті қайта бастау 

Қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыруының басталуы қызметті қайта бастау деп танылады.

ҚР Салық кодексінің 213-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 2, 3-тармақтарына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салықтық өтініш негізінде салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқылы.

Қызметін қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) өзінің орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтініш береді.

Салықтық өтініш қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады.

Салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде салық есептілігін тапсыруды қайта бастауды жүргізуге міндетті.

Қайта бастау туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін салық есептілігін тапсырмауға негіз болып табылады.

ҚР ҚМ 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығының 4-қосымшасында бекітілген салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш. Осы өтініште 3 С жолында сіз қызметін қайта бастаған күнді (осы өтінішті берген күнді) көрсетесіз және осы өтінішті беру күні бағанында тап осы күнді көрсетесіз. Салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде салық есептілігін тапсыруды қайта бастауды жүргізуге міндетті.

Осылайша, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу бойынша міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асырудың басталуы салық төлеушінің қызметін қайта бастау болып есептеледі.

Жауапкершілік

ҚР ӘҚБтК-нің 271-бабының 1-тармағына сәйкес салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы салық шешімінің қолданылу кезеңінде қызметті жүзеге асыру ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық,

орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 45 АЕК мөлшерінде,

iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.