ҚҚС (қосылған құн салығы) – бұл тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және айналымы процесінде қосылған өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігінің бюджетке аударымдары, сондай-ақ ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде аударымдар.

Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді өткізу бойынша есептелген ҚҚС мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бойынша төленген салық арасындағы айырма ретінде есептеледі.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС түзету

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС түзету


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС түзету

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ҚҚС-на қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап одан асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым. (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою мерзімі айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер айналымы ҚҚС бойынша шекті шектен асатын мәміле жоспарланып отырса, онда салық төлеуші айналым жасалғанға дейін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруі тиіс. (ҚР СК 101-бабы)

Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы.).

ҚР СК 484-бабына сәйкес есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын ұлғайту немесе азайту есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету болып табылады.

Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын азайту бұрын ҚҚС есепке жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мынадай жағдайларда:

1) салық салынбайтын айналымның мақсатында пайдаланылғандарды қоспағанда, айналымның болуына байланысты салық төлеуші пропорционалды әдісті қолданған, салық салынатын айналым мақсаттарына сәйкес пайдаланылмаған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;

2) өздері бүлінген, жоғалған жағдайдағы (төтенше ахуал салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда) тауарлар бойынша жүргізіледі.

Төтенше ахуал салдарынан туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның:

  • тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат;
  • салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар бойынша төтенше ахуалдың туындау фактісі туралы растауы болған кезде, есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын азайту жүргізілмейді.

Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде қылмыстық қудалауды жүргізетін органның:

  • тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат;
  • салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар  бойынша салық төлеушіні төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі болған кезде, есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын азайту жүргізілмейді;

3) ) табиғи монополия субъектісі шеккен нормативтен тыс ысыраптар бойынша;

4) жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлік бойынша;

5) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемдері бойынша;

6) ҚР СК 464-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде;

7) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы өнімі, балық өсіру немесе кәсіпшілік балық аулау өнімдері бойынша жүргізіледі.

Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту ҚР СК 464-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жүргізіледі.

Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы осы бапта көзделген түзету ескеріле отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.


2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС түзету

Салық кодексінің Осы 404-бабында және 405-бабында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету болып табылады.

2. Есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту өздері бойынша қосылған құн салығы бұрын есепке жатқызуға жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мынадай жағдайларда:

 1) болуына байланысты салық төлеуші осы Кодекстің 407 және 408-баптарына сәйкес пропорционалды әдісті қолданған салық салынбайтын айналымның мақсатында пайдаланылғандарды қоспағанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

2) өздері бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше ахуалдың салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда) тауарлар бойынша жүргізіледі. Бұл ретте тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, соның салдарынан аталған тауар салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылмайды. Соның салдарынан тауар жойылған немесе ысырап болған оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеушi табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалу болып табылмайды;

Төтенше ахуалдар салдарынан туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның:

·        Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат;

·        осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар бойынша төтенше ахуалдың туындау фактісі туралы растауы болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайтуды жүргізбейді.

Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде қылмыстық қудалауды жүргізетін органның:

·        Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат;

·        осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар (салық төлеуші жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізілген кезде көрсетілген жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша, төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянның өтеміне ақша алынған тауарларды қоспағанда) бойынша салық төлеушіні төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайтуды жүргізбейді;

3) табиғи монополия субъектісі шеккен нормативтен тыс ысыраптар бойынша;

4) жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлік бойынша;

5) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемдері бойынша;

6) осы Кодекстің 383-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жүргізіледі.

3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту осы Кодекстің 383-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жүргізіледі.

Осы Кодекстің 383-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту салық салынатын айналымның мөлшерін ұлғайту немесе азайту жағына қарай түзетуге байланысты, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.

4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 3-тармағында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі.

Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасын түзету осы Кодекстің 401-бабының 5-тармағында айқындалған салықтық кезеңде жүргізіледі.

5. Осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, сатып алынған, салынған, жасалған тауарлар бойынша, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, сол күнге бухгалтерлік есептің деректері бойынша тауарлардың баланстық құнына түзетуді жүзеге асыру күніне қолданыста болатын қосылған құн салығының мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде жүргізіледі.

ҚР СК 404-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы теріс мәнге ие болуы мүмкін.

Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн сомасы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі:

осы Кодекстің 400-бабына сәйкес айқындалған, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы,

алу

осы Кодекстің 404, 405 және 403-баптарында көзделген, есепке жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомасы,

қосу

осы Кодекстің 404-бабының 3-тармағында және 405-бабының 2-тармағында көзделген, есепке жатқызылатын қосылған құн салығын ұлғайту жағына қарай түзету сомасы.

Осы бапқа сәйкес айқындалған, түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы ҚР СК 406-бабына сәйкес теріс мәнге ие болуы мүмкін.