Бухгалтерлік құжаттар – шаруашылық операцияны жасау фактісінің немесе оны жасау құқығының жазбаша куәлігі (дәлелдемесі).

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес – бухгалтерлік құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есептің тіркелімдерін, қаржылық есептілікті және есеп саясатын қамтиды. Бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.

Сондай-ақ Заңның 7-бабының 2-тармағымен және «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бастапқы құжаттардың нысандарын немесе талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткені айқындалған.

Нысандары немесе оларға қойылатын талаптар осы баптың 2-тармағына сәйкес бекiтiлмеген қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi бастапқы құжаттарды дара кәсiпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нысандарды немесе талаптарды қолданады немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген резидент емес-жеке тұлғалар немесе резидент емес-заңды тұлғалар ұсынған нысандарды есепке алуға қолданады, олар мынадай мiндеттi деректемелердi қамтуға тиiс:

1) құжаттың (нысанның) атауы;

2) жасалған күні;

3) құжат өз атынан жасалған ұйымның атауы немесе дара кәсiпкердiң тегi және аты-жөнi;

4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны;

5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiгi (сан және құн көрiнiсiнде);

6) операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс ресiмделуiне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегi, аты-жөнi және қолы;

7) сәйкестендіру нөмірі.

3-1. Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсiлiне қарай, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгiзiлуi мүмкін.

4. Бастапқы құжаттар операцияның немесе оқиғаның iске асырылу кезiнде не олар аяқтала салысымен жасалуға тиiс.

5. Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталады және жүйеленеді.

Бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң деректерi топтастырылған түрде қаржылық есептiлiкке көшiрiледi.

6. Электрондық жеткiзгiштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн жасау кезiнде дара кәсiпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша осындай құжаттардың көшiрмелерiн қағаз жеткiзгiштерде дайындауға тиiс.

7. Кассалық және банктiк бастапқы құжаттарға түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Басқа бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келiсiм бойынша ғана енгiзiлуi мүмкiн, бұл түзетулер енгiзiлген күнi көрсетiле отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталуға тиiс.

Бастапқы құжаттардың нысандары «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген.

Осы бұйрықпен 51 бастапқы есепке алу құжаттарының нысаны бекітілді.

2022 жылғы 30 шілдеден бастап құжаттарды сақтау мерзімі өзгерді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 184 бұйрығымен «Сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде пайда болатын үлгілік құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Сақтау мерзімі көрсетілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде пайда болатын үлгілік құжаттардың тізбесі жаңа редакцияда жазылған.

Құжаттарды сақтаудың жаңа мерзімдері 2022 жыл

Бұған дейін бұйрыққа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 271 бұйрығымен өзгерістер енгізілген болатын.
Ол кезде Бұйрық құжат түрлерінің көрсеткішімен және мазмұнымен толықтырылды.