Әлеуметтік демалыс - ана болуға, скринингтік зерттеулерден өтуге, балалар күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату. (ҚР Еңбек кодексінің 87-бабы)

Жұмыскерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері беріледі:

1) жалақысы сақталмайтын демалыс;

2) оқу демалысы;

3) жүктілікке және бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс;

4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс;

5) жыл бойы үш жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс;

6) жүктілігі бойынша медициналық есепке қоюға кемінде үш жұмыс күні мөлшерінде он екі аптаға дейінгі демалыс.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста болу кезеңі еңбек өтіліне есептеледі.

Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.