«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 300-бабына сәйкес - Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімі – шетелдік тауарларға, оған сәйкес, тауарларды осы кедендік рәсімімен орналастыру және оларды, ішінара әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлей отырып және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей не әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлемей және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей пайдалану шарттары сақталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында уақытша болатын және пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім.

Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар (бұдан әрі - уақытша әкелінген тауарлар) шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мен пайдалануы уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес әкелу кедендік баждарын және салықтарды төлеместен жол берілетін тауарлар санаттарын, осындай уақытша болу және пайдалану шарттарын, сондай-ақ осындай уақытша болу және пайдаланудың шекті мерзімдерін Комиссия және (немесе) Қазақстан Республикасының халықраралық шарттарында айқындайды.

Оларға қатысты уақытша әкелу рәсімі қолданылмайтын тауарлардың санаттары

Тауарларды уақытша әкелу рәсіміне орналастыру шарттары

Уақытша әкелу тауарларын пайдалану шарттары

Уақытша әкелу рәсімінің қолданылу мерзімі

Кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу және төлеу

Оларға қатысты уақытша әкелу рәсімі қолданылмайтын тауарлардың санаттары

Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімі мынадай тауарлар санаттарына:

1) оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жарнамалық және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме жәдігерлері не өнеркәсіп үлгілері ретінде бірлі-жарым даналарда әкелу жағдайларын қоспағанда, алкоголь, темекі және темекі бұйымдарын, шикізат пен жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда, тамақ өнімдеріне, сусындарға;

2) қалдықтарға, оның ішінде өнеркәсіп қалдықтарына;

3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларға қатысты қолданылмайды.

Бұрын кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды өңдеу өнімдерін осы кедендік рәсімімен орналастыру арқылы кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын тоқтата тұру үшін уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.

Тауарларды уақытша әкелу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

1. Тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

1) осы кедендік рәсімді аяқтау мақсатында оларды кейін кедендік рәсімімен орналастырған кезде уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды идентификаттау мүмкіндігі.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес уақытша әкелінген тауарларды ауыстыруға жол берілген кездегі жағдайларда тауарларды идентификаттау талап етілмейді;

2) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарлардың уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлемей уақытша болуына және пайдаланылуына жол берілетін жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 304-бабына сәйкес әкелу кедендік баждарын, салықтарды ішінара төлеу;

3) егер мұндай шарттарды осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаса және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, тауарлардың уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлемей уақытша болуы және пайдаланылуы шарттарын сақтау;

4) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.

Уақытша әкелу тауарларын пайдалану шарттары

Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары:

1) кеден органы белгілеген, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін сақтау;

2) осы Кодекстің 303-бабында белгіленген уақытша әкелінген тауарларды иелену және пайдалану бойынша шектеулерді сақтау;

3) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарлардың уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлемей уақытша болуына және пайдаланылуына жол берілетін жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 304-бабына сәйкес әкелу кедендік баждарын, салықтарды ішінара төлеу;

4) егер мұндай шарттарды осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, тауарлардың уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлемей уақытша болу және пайдаланылу шарттарын сақтау болып табылады.

Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі

1. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлар уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап екі жылдан не осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспауға тиіс.

2. Оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай жекелеген тауарлардың санаттары үшін Комиссия екі жылға қарағанда неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін айқындауға құқылы.

4. Кеден органы белгілеген, тұлғаның өтініші бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген кеден органына уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы мерзім өткенге дейін не ол өткеннен кейін бір айдан кешіктірілмей, осы баптың 1-тармағында көзделген осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі шегінде немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзіміне ұзартылуы мүмкін.

Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті кеден органында тіркеген күннен бастап он жұмыс күнінен аса алмайды. Көрсетілген кезеңде кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Кеден органы уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешім қабылданған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады. Бұл жағдайда, кеден органының лауазымды тұлғасы, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы және тауарларға арналған декларацияға осындай өзгерістер енгізілетіні туралы декларантқа хабарлай отырып, тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістерді енгізеді.

Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ұзартылған кезде ол өткеннен кейін мұндай кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі осы кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап қайтадан жаңартылады.

Кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу және төлеу

Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімін қолдану кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу және төлеу ерекшеліктері

1. Әкелу кедендік баждарын, салықтарды ішінара төлей отырып, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелу кедендік баждары, салықтар оларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырған күнінен бастап оның қолданылуы аяқталған күнге дейін төленуі тиіс.

2. Әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлемей, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты декларанттың өтініші бойынша декларанттың өтінішінде көрсетілген күннен бастап уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күнді қоса алған күнгі кезеңге әкелу кедендік баждары, салықтарды ішінара төлеу жүргізіледі. Көрсетілген декларанттың өтініші осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткенге дейін, оларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырған кезде тауарларды шығару жүргізілген кеден органына беріледі.

Декларанттың өтініші ретінде тауарларға арналған декларацияны түзету – кедендік құжаты пайдаланылады.