Еңбекақы төлеу қоры (ЕТҚ) – бұл фирманың белгілі бір уақыт аралығында еңбек ұжымына төлеуге жұмсалған қаражатының жиынтығы (ақшалай да, заттай да). Жалпы ЕТҚ құрамына жалақы қоры (ЖАҚ), әлеуметтік және өзге де төлемдер кіреді.

Еңбекке ақы төлеу қорының құрамына заңнамаға сәйкес жұмыскерлерге жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген, ақшалай немесе заттай нысанда (қаржыландыру көзіне қарамастан) есептелген ақшалай сомаларды қоса алғанда, жалақының, әртүрлі сыйлықақылардың, қосымша ақылардың, үстемеақылардың, төлемдердің, жекелеген әлеуметтік жеңілдіктердің барлық түрлері енгізіледі.

Еңбекке ақы төлеу қорына енгiзiлетiн төлемдердiң тiзбесi «Әлеуметтiк салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы» № 46 Нұсқаулықтың 5-қосымшасында атап көрсетілген. Бұл төлемдерге:

1. Ұйымда қабылданған еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелеріне қарамастан, кірістен пайызбен, таза кірістен үлеспен немесе орташа жалақы бойынша кесімді бағалар, тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық қызметақылар бойынша орындалған жұмыс (жұмыс істеген уақыт) үшін есептелген жалақы.
2. Тарифтік
мөлшерлемелер мен қызметақыларға үстемеақылар мен қосымша ақылар.
3. Еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі үшін сыйақы (пайыздық үстемеақы) (ұйымдағы үздіксіз жұмыс ұзақтығы үшін үстемеақы).
4. Ағымдағы сипаттағы өндірістік нәтижелер үшін сыйлықақылар.
5. Жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылар.
6. Демалысқа жыл сайынғы қосымша ақылар (материалдық көмек)
7
. Еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар (ауыр және зиянды, сондай-ақ ерекше ауыр және ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін).
8. Түнгі уақыттағы жұмысы үшін, көп ауысымды режимдегі жұмысы үшін қосымша ақылар.
9. Тұрақты жұмыс жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болған жағдайларда не қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарларға байланысты тәуліктік жалақының орнына төленетін қосымша ақылар мен үстемеақылар.
10
. Вахтадағы жұмыс кестесінде көзделген ұйымның (жиын пунктінің) тұрған жерінен жұмыс орнына және кері жол жүру күндері үшін, сондай-ақ жұмыскерлердің метеорологиялық жағдайлар мен көлік ұйымдарының кінәсі бойынша жолда кідірген күндері үшін тарифтік ставка, жалақы мөлшерінде төленетін сомалар (жұмыстарды вахталық әдіспен орындаған кезде).
11. Демалыс және мереке (жұмыс істемейтін) күндері, жұмыс уақытынан тыс және т.б. жұмыс істегені үшін ақы төлеу

Табыс салығы салынған жалақыдан аударымдардан қалыптастырылған кәсіподақ бюджетінің қаражатынан кәсіподақ мүшелері алатын төлемдер еңбекақы қорына енгізілмейді.

Еңбекақы төлеу қорынан (ЕТҚ) мынадай төлемдер есептеледі:

жеке табыс салығы (ЖТС);

әлеуметтік салық;

әлеуметтік аударымдар;

міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарналар (МӘМСЖ);

МӘМС аударымдары.

Осылайша, еңбекақы төлеу қорына жұмыскерден ұсталатын салықтар мен әлеуметтік төлемдер - ЖТС, МЗЖ, МӘМС-ке жарналар кіреді.

Даму жоспарын толтыру кезінде ЕТҚ-да ЖТС, МЗЖ, МӘМС-ке жарналарды ескеру қажет.

Әлеуметтiк салық, әлеуметтiк аударымдар, МӘМС-ке аударымдар Даму жоспарында салықтар мен әлеуметтiк төлемдер құрамында жеке ескерiлуi тиiс.