Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - бұл жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін коэффициент.

АЕК мөлшері алдағы жылы күтілетін инфляция мөлшеріне сүйене отырып, бюджетті жоспарлау кезінде есептеледі. Жыл сайын «Республикалық бюджет туралы» заңмен белгіленеді

АЕК Қазақстанда 1996 жылдан бастап қолданыла бастады. Бастапқыда ол тоқсанына бір рет өзгертілген, қазіргі уақытта АЕК бір жылға белгіленеді.

АЕК мыналарды есептеу үшін пайдаланылады:

  • мемлекеттік баж, лицензиялық алымдар, тіркеу үшін мөлшерлемелерді, ҚР СК;
  • әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар мөлшерін, ӘҚБтК;
  • көлік құралдарына салынатын салық, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, ҚР СК;
  • кәсіпкерлік субъектісінің санатын (шағын, орта, ірі) айқындау, Кәсіпкерлік кодекс;
  • жәрдемақылар мөлшерін, Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы ҚР Заңы;
  • заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы;

Есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК қолданылады.

Практикада
АЕК анықту мәнін есепке алудың 3 нұсқасы қолданылады:

1. «Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш» - бұл жағдайда жыл басына белгіленген АЕК мәні қолданылады;

2. «Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (операциялар, кірісті есептеу күні және т.б.)» - бұл жағдайда оқиға жасалған кезеңге белгіленген АЕК мәні қолданылады.

3. «Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің соңғы күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш» - бұл жағдайда жыл соңында белгіленген АЕК мәні қолданылады.

2000 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК)