871.00-нысан - Жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан) 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есептілік 30%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен олардың жасалуы бойынша түсіндірмесі бар салықтық есептілік нысандары және 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді. Жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысаны) салықтық есептілік нысандарының тізбесінде жоқ.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан) жойылды.

 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан) 

СЕН 871.00 – «Жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)». Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілер ұсынады.

871.00-нысан

Тізілім тізілімнің өзінен (871.00-нысан) және оған қосымшадан (871.01-нысан) тұрады.

871.01-нысандағы қосымша - сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілердің Салық кодексінің 206-бабы 2-тармағына сәйкес есепті кезең үшін жалдау (пайдалану) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді көрсетуге арналған.
Салық төлеушіде бірнеше сауда объектілері, оның ішінде сауда базарлары болған кезде 871.01-нысан бойынша қосымша әрбір сауда объектісі, оның ішінде сауда базары бойынша жеке толтырылады.

ҚР СК 207-бабы 3-тармағының негізінде 871.00-нысанды сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғалар жасайды.

Тізілімді тапсыру мерзімі

871.00-нысандағы жалға алу (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушiнің тұрған жері бойынша есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтін мерзімде жасалады және салық органына ұсынылады (ҚР СК 207-бабы).

«Жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары