ЭҚА (электрондық құжат айналымы) – бұл мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңның 1-бабы)

Электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;

Электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;

Электрондық құжат айналымы:

1) электрондық құжат айналымының әр түрлi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi;

2) деректер жасау, өңдеу, сақтау, беру, ұсыну және растау үшiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылатын қызметтiң кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану;

3) кез келген ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық құжаттарды беру принциптерi негiзiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады.

Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар

1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.

2. Электрондық құжат оны телекоммуникациялар желісі арқылы берген кезден бастап жіберілген болып есептеледі.

3. Кірген электрондық құжат жолданым иесінің ақпараттық жүйесінде оны тіркегеннен кейін түскен болып есептеледі.

4. Алғаны туралы хабарламада электрондық құжатты алу фактісі мен уақыты туралы және оның жөнелтушісі туралы деректер болуға тиіс. Ол авторға түспеген жағдайда, жолданым иесі құжатты алмаған болып есептеледі.

4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттың электрондық көшірмесі беріледі.

5. Электрондық құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу, растау және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.

Электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері

1. Электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы:

1) куәландырушы орталық тiркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлтiнiң тиесiлiлiгi мен жарамдылығын растау үшiн осы куәландырушы орталыққа жүгiнуге;

2) бiрнеше куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуiн пайдалануға құқылы.

2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға мiндеттi.

«Учет ЭДО» арқылы қол қойылған құжаттың қағаз түпнұсқасының алдында қандай күші бар.

Электрондық құжат пен қағазда ресімделген құжаттың бірдей заңды күші бар.

ҚР АК (ҚР Азаматтық кодексі) 152-бабына сәйкес мына мәмілелер:

1) егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;

2) мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;

3) заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиiс.

Мәміленің жазбаша нысаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады.

Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс.

Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол берiледi.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР Заңының 7-бабына сәйкес электрондық жеткiзгiштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн жасау кезiнде дара кәсiпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша осындай құжаттардың көшiрмелерiн қағаз жеткiзгiштерде дайындауға тиiс.

Заңның 1абының 2) тармақшасына сәйкес бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы.

Заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес электрондық жеткiзгiштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн жасау кезiнде дара кәсiпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша осындай құжаттардың көшiрмелерiн қағаз жеткiзгiштерде дайындауға тиiс.

Бұл ретте, Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ҚР Заңының 1-бабының 7) тармақшасына сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі - төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат.

Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық қолтаңбаларды пайдаланатын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық қолтаңбаларды пайдалану және оларға қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс.

Осылайша, бухгалтерлік есепке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және куәландырылған электрондық жеткізгіштердегі бастапқы құжаттар қабылданады.

ҚР СК 204-бабына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі салық нысандарын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, куәландырады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР Заңының 7-бабының 6-тармағы субъектінің бастапқы құжаттарды қағаз жеткізгіште де, электрондық нысанда да ресімдеу құқығын айқындады.

Бұл ретте, егер мүдделі тұлғалар (құрылтайшылар, басшылық, ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, оның ішінде мемлекеттік органдар) электрондық құжаттарды қағазға басып шығаруды талап етсе, онда бұл жағдайда оларды басып шығару қажет болады.

Бұл ретте Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ҚР Заңының 7-бабына сәйкес электрондық құжат электрондық құралдармен жасалуы, берілуі, сақталуы және берілуі мүмкін.

Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

Электрондық құжат айналымы сервисі Учёт.ЭДО