Қол қою бонусы - бұл келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын иелену үшін біржолғы тіркелген төлем. (ҚР СК 759-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қол қою бонусы

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қол қою бонусы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қол қою бонусы

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

ҚР заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар ҚР Салық кодексінде белгіленген бюджетке барлық салықтар мен төлемдерді төлейді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары:

  • қол қою бонусы;

Қол қою бонусын төлеуші кім болып табылады

Төлеу мерзімдері

Салықтық кезең және есептілік

Қол қою бонусын төлеуші кім болып табылады

ҚР СК 760-бабына сәйкес мынадай талаптардың біріне сай келетін:

1) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың (аукционның) жеңiмпазы болған;

 2) жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойған;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірiн:

  • барлауға арналған келісімшартты;
  • пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты;
  • бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты;
  • жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны;
  • жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны;
  • кен іздеушілікке арналған лицензияны жасасқан (алған) тұлға қол қою бонусын төлеуші болып табылады.

Тиiстi келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде) барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiру құқығын алуға айрықша құқық негiзiнде келісімшарт жасасқан тұлға барлауға арналған осындай келісімшарт жасалған кезде оны төлегенде қол қою бонусын төлеуші болып танылмайды.

Төлеу мерзімдері

Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияны қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия бойынша қол қою бонусының сомасы қол қою бонусын төлейтін күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілген мөлшерлеме негізге алына отырып есептеледі және ҚР СК 762-бабымен регламенттелген.

Қол қою бонусы салық төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке:

- салық төлеуші конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап;

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап;

- жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылысжайларды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған күннен бастап;

- жерасты суларын өндіруге рұқсат алынған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусы осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке төленеді.

Салықтық кезең және есептілік

Қол қою бонусын төлеу мерзімі келген күнтізбелік тоқсан қол қою бонусы бойынша салықтық кезең болып табылады.

Қол қою бонусы бойынша декларацияны СЕН 510.00 қол қою бонусын төлеуші тұрған жерiндегі салық органына салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырады.

Қол қою бонус бойынша декларация қол қою бонусын есептеуге арналған және жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың (аукционның) жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойған немесе ҚР заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқан (алған) жеке немесе заңды тұлға жасайды.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қол қою бонусы

 

Қол қою бонусы - бұл жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын иелену үшін біржолғы тіркелген төлемі. (ҚР Салық кодексінің 724-бабы)

Қол қою бонусын төлеуші кім болып табылады

Төлеу мерзімдері

Салықтық кезеңі және есептілік


Қол қою бонусын төлеуші кім болып табылады

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың біреуiн:

1) барлауға арналған келісімшартты;

2) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты;

3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты;

4) геологиялық зерделеуге арналған лицензияны;

5) жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны;

6) кен іздеушілікке арналған лицензияны жасасқан (алған) жеке немесе заңды тұлға қол қою бонусын төлеуші болып табылады.

ҚР Салық кодексі 727-бабына - Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияны қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия бойынша қол қою бонусының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қол қою бонусын төлейтін күнге қолданыста болатын АЕК мөлшерінде көрсетілген мөлшерлеме негізге алына отырып есептеледі.

Төлеу мерзімдері

Қол қою бонусы бюджетке салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық төлеуші конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусы осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

Келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілген кезде қол қою бонусы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке төленеді.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу кезінде қол қою бонусы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке төленеді.

Салықтық кезең және есептілік

Қол қою бонусын төлеу мерзімі келген күнтізбелік тоқсан қол қою бонусы бойынша салық кезеңі болып табылады.

СЕН 510.00 қол қою бонусы бойынша декларацияны жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша жеке жасайды.

Жер қойнауын пайдаланушы қол қою бонусы бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-не дейін тапсырады.