ДСН-код - мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушіге (импорттаушыға), сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кедендік аумағына еркін айналыс үшін тауарларды шығару кедендік режимінде әкелінетін акцизделетін тауарлардың әрбір түріне:

1) темекі өнімдеріне;

2) этил спиртіне, алкоголь өніміне (сырадан басқа);

3) бензинге, дизель отынына, мазутқа берілетін дербес сәйкестендіру нөмірі.

Темекі өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге аумақтық органында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу есебінде тұрған көрсетілетін қызметті алушы қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өніміне (-деріне) ДСН-кодын (-тарын) беруге өтінімді (бұдан әрі - өтінім):

  • темекі өнімдерін өндіруші - темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;
  • темекі өнімдерін импорттаушы - темекі өнімдерін әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асыру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге электрондық түрде береді.

Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодтарды беруден мынадай жағдайларда бас тартады:

1) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі болмағанда;

2) темекі өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру ережесі

1) Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығы.

Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

1) этил спиртіне және/немесе құйылған шарапқа:

этил спирті және/немесе шарап материалдарының өндірісін және/немесе импортын жүзеге асыру басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спирті және/немесе шарап материалдарына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтінішті береді;

2) алкоголь өніміне (сыра және сыра сусынынан басқа):

"Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтінішті береді.

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 561 бұйрығына сәйкес жаңа редакцияда жазылды, олар 2020 жылғы 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл ретте алкоголь импортына ЕБТ алуға арналған өтінім нысанында мына жол бар: Алкоголь өніміне пин-код болмаған кезде:

__________________________________________________________________________

(алкоголь өнімінің атауы, түрі, сыйымдылығы және беріктігі),

                       (шыққан елі)

ДСН-код болмағандықтан, осы жолды толтырасыз деп есептеймін

2) Өтінім нысанында сәйкестік сертификаты (сертификаттау органы, сертификаттау нөмірі мен беру мерзімі - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорттаушылар үшін) көрсетіледі, ал Италия ЕАЭО-ға кірмейді.

7. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруден бас тартады:

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою болмаған;

2) этил спиртіне және/немесе құйылған шарапқа, алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімінен басқа) берілген дербес сәйкестендіру нөмір-кодының болуы.

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру ережесі

Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге өтінімді (бұдан әрі - өтінім):

  • мұнай өнімдерін өндіруші - мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;
  • мұнай өнімдерін импорттаушы - мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асыру басталғанға дейін береді.

Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодын беруден мынадай жағдайларда бас тартады:

1) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі болмағанда;

2) мұнай өнімінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.