ҚҚС (қосылған құн салығы) – бұл тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және айналымы процесінде қосылған өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігінің бюджетке аударымдары, сондай-ақ ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде аударымдар.

Импорт – бұл Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағына тауарларды әкелу.

Салық салынатын импорт – бұл ЕАЭО немесе ҚР кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын импорт.

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап импорт бойынша ҚҚС

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі импорт бойынша ҚҚС

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап импорт бойынша ҚҚС


Жаңа Салық кодексі (
2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ҚҚС-қа қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап одан асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым. (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою мерзімі айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер айналымы ҚҚС бойынша шекті шектен асатын мәміле жоспарланып отырса, онда салық төлеуші айналым жасалғанға дейін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруі тиіс. (ҚР СК 101-бабы)

Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).

ҚҚС-нан босатылатын тауарлар импортының тізбесінен:

Кез келген нысандағы дәрілік заттар, медициналық бұйымдар:

  • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген;
  • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген.

Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттар; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар.

Инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар (инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны қоспағанда) алып тасталды.

ҚҚС-дан босатылатын тауарлар импортының тізбесіне мыналар қосылды:

дамуға ресми көмек бағдарламасы шеңберінде дамуға ресми көмек саласындағы оператор әкелген тауарлар; акцизделетіндерді қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;

акцизделетіндерді қоспағанда, қайырымдылық көмек көрсету, техникалық жәрдем көрсету мақсатында мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша әкелінетін тауарлар;

мемлекеттер желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар;

қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде технологиялық жабдық, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектері;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде дәрілік заттар;

әуе тасымалын жасау кезінде әуе кемесі пайдаланатын жанар-жағармай материалдары. (ҚР СК 479-бабы)


ҚҚС-нан босатылатын импорт

Импорт кезінде есепке жатқызу әдісімен ҚҚС

Салықтық есептілік

Тауар импорты кезіндегі ҚҚС

Салық есебі 

ҚҚС-нан босатылатын импорт

ҚР СК 479-бабына сәйкес - мыналарды:

1) ұлттық және шетел валютасы банкноттары мен монеталарын (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздарды;

2) Ұлттық Банктің ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы растамасы болған кезде Ұлттық Банк және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты;

3) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген, тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарларды;

4) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын тауарларды импорттау ҚҚС-нан босатылады.

Қосылған құн салығынан босату мақсатында дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің тауарды әкелгені туралы растамасы ұсынылады;

5) салық төлеуден босатуды көздейтін кедендік рәсіммен орналастырыла отырып, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларды;

6) ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш объектілерінің, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдығын импорттау қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның осындай ғарыш объектілері мен жабдықтың ғарыш қызметінің мақсаттары үшін әкелінгенін растауы негізінде қолданылады.

Бұл ретте, аталған тауарларды ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, оның ішінде ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатыспайтын тұлғаларға өткізу немесе өзге нысанда беру кезінде қосылған құн салығы импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде төленуге жатады;

7) Ұлттық Банк, екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы-заңды тұлға импорттайтын инвестициялық алтынды;

8) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттарды импорттау қосылған құн салығынан босатылады.

Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

9) мынадай шарттар сақталған кезде:

  • көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім немесе көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
  • ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
  • құрауыштарды өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнаулы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнаулы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма немесе "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ олардың құрауыштарын;

10) өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын импорттау, егер:

  • оларды "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіне енгізілген заңды тұлға әкелсе;
  • олар Ұлттық Банкке өткізу үшін аффинирленген алтынды өндіру кезінде ғана пайдаланылса;

 11) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

  • тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесіне енгізілсе;
  • тауарларды әкелу ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттармен ресімделсе;
  • тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында ғана әкелінсе, "Aстана Хаб" қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер әкелген тауарларды; 11) тармақша осы Кодекстің 848-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 01.01.2029 дейін қолданылады

12) "Дамуға ресми көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дамуға ресми көмек бағдарламасы шеңберінде дамуға ресми көмек саласындағы оператор әкелген тауарларды;

13) акцизделетіндерді қоспағанда, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келетін гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мыналар ұсынылады:

  • тауарды өтеусіз негізде әкелу мақсаты көрсетіле отырып, тауарды әкелу туралы ақпаратты қамтитын тауарға ілеспе құжаттар;
  • шеңберінде тауарларды өтеусіз негізде әкелу жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың (бар болса) көшірмесі;
  • тауардың гуманитарлық көмек ретінде жіберілгенін куәландыратын, тауарды жөнелтушінің құжаты (оның ішінде шет тілінде жасалған) немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің немесе халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің тауарды өтеусіз негізде әкелу мақсаты көрсетіле отырып, тауарды гуманитарлық көмек ретінде әкелу туралы растауы;

14) акцизделетіндерді қоспағанда, қайырымдылық көмек көрсету, техникалық жәрдем көрсету мақсатында мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша әкелінетін тауарларды импорттау ҚҚС-нан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мыналар ұсынылады:

  • тауарды өтеусіз негізде әкелу мақсаты көрсетіле отырып, тауарды әкелу туралы ақпаратты қамтитын тауарға ілеспе құжат;
  • шеңберінде тауарларды өтеусіз негізде әкелу жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың (бар болса) көшірмесі;
  • тауарды жөнелтуші жасаған, тауарды өтеусіз негізде әкелу мақсаты көрсетіле отырып, тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын құжат;
  • орындалуы үшін берілетін тауарлар техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) көшірмесі;

15) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері және халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мыналар ұсынылады:

  • шет мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не халықаралық ұйыммен жасалған Қазақстан Республикасы халықаралық шартының (бар болса) көшірмесі;
  • халықаралық ұйым халықаралық шарт жасаспай грант берген жағдайда – мұндай халықаралық ұйымның өзі берген гранттың қаражаты есебінен тауарларды импорттау туралы растауы;
  • тауарды әкелу туралы ақпаратты және халықаралық шартқа (ол болған кезде) сілтемелерді қамтитын тауарға ілеспе құжаттар;
  • бенефициардың (грант алушының) әкелінетін тауар туралы растауы;

16) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

  • технологиялық жабдықтың, оған жиынтықтауыш және қосалқы бөлшектердің тізбесі жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретті органмен жасалған пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімде белгіленсе;
  • технологиялық жабдықты, оған жиынтықтауыш және қосалқы бөлшектерді әкелу ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе;
  • қосылған құн салығын төлеуші әкелінген технологиялық жабдықты, оған жиынтықтауыш және қосалқы бөлшектерді талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдаланса, пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде технологиялық жабдықты, оған жиынтықтауыш және қосалқы бөлшектерді импорттау қосылған құн салығынан босатылады.

Технологиялық жабдық пен оған жиынтықтауыштарды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің қолданылу мерзіміне, бірақ пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі;

17) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды импорттау қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген дәрілік заттардың тізбесін, сондай-ақ оларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

18) әуе тасымалын жасау кезінде әуе кемесі пайдаланатын жанар-жағармай материалдарын импорттау қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақта көрсетілген тауарлар бойынша тауарға ілеспе құжаттардың орнына өтеусіз негізде әкелінетін тауардың мақсаты көрсетіле отырып, тауарды әкелу туралы дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің растауы ұсынылады.

Осы тармақта көрсетілген тауарлар қосылған құн салығынан босату соларға сәйкес берілген мақсаттарда пайдаланылады. Көрсетілген тауарлар өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы олар әкелінген кезде ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнаулы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға мынадай шарттар сақталған кезде:

1) тауарлар еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылса;

2) еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен аяқталса;

3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.

Импорт кезінде есепке жатқызу әдісімен ҚҚС

Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:

      1) жабдық;

      2) ауыл шаруашылығы техникасы;

      3) автомобиль көлігінің жүк жылжымалы құрамы;

      4) тікұшақтар мен ұшақтар;

      5) теңіз кемелері;

      6) темір жол локомотивтері мен вагондар;

      7) осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген тауарларға қосалқы бөлшектер;

      8) асыл тұқымды малдар және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;

      9) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер ҚҚС осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

     Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

     Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі. (ҚР СК 508-бабы)

ҚР СК 508-бабының ҚҚС-ын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері ҚР СК 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:

1) одан әрі өткізуге немесе халықаралық қаржы лизингіне беруге арналмаған;

2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;

3) ҚР СК 508-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.

ҚҚС төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына:

1) Салық кодексінің 530-бабы 2-тармағында көрсетілген құжаттарды;

2) тауарды ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші қосымша позициясына жатқызуға мүмкіндік беретін, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары жазылған құжаттарды ұсынады. Қажет болған кезде бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.

ҚР СК 509-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.

Бұл ретте:

1) ҚР СК 509-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрліктен сою және (немесе) осындай мәжбүрліктен сою нәтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

Малды мәжбүрліктен сою тәртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;

2) ҚР СК 516-бабына сәйкес айқындалған импортталған тауарлар есепке қабылданған күннен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;

3) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленген ҚР СК 509-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.

ҚР СК 509-бабының ережелері сыйақы сепке алынбаған, лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға да қолданылады.

Салықтық есептілік

Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салықтық кезең болып табылады.

ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (СЕН 300.00) әрбір салықтық кезең үшін тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кейін және есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті (ҚР СК 505-бабы)

ҚР СК 530-бабына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына тауарларды, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті СЕН 328.00, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті.

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

Импортталған тауарлардың бағасы ҚР СК 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді. (ҚР СК 530-бабының 5-тармағы)

Тауарлар, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай осындай тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең болып табылады.

Бұл ретте салықтық міндеттемені салықтық кезең ішінде орындауға жол беріледі. (ҚР СК 530-бабының 6-тармағы)

ҚР СК
516-бабына сәйкес салық төлеуші импортталған тауарларды (оның ішінде оларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.

ҚҚС бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:

1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей - әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ бейрезидент үшін есептелген ҚҚС сомасы.

2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;

3) ҚҚС бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – ҚҚС төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген ҚҚС сомасы төленуге жатады.

Тауар импорты кезіндегі ҚҚС

Салық кодексіне сәйкес ЕАЭО аумағынан тауар импорты 16% мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынуға жатады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген (ҚР СК 479-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда), ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

ҚР СК 514-бабының негізінде мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (ҚР СК 525-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.

Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әкелінген (әкелінетін) көлік құралдарына да қатысты қолданылады;

2) ҚР аумағына ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

Мыналар:

1) кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей әкетілетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына уақытша әкелу;

2) бұрын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкетілген тауарларды қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағынан ҚР аумағына әкелу салық салынатын импорт болып табылмайды.

Осы тармақтың ережелері:

1) жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша;

2) көрмелер мен жәрмеңкелерге тауарларды уақытша әкелу кезінде қолданылады.

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

Импортталған тауарлардың бағасы ҚР СК 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді. (ҚР СК 530-бабының 5-тармағы)

Салық есебі

Мыналар:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;

2) мұндай тауарларды ҚР аумағына әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Салық төлеушіде күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Тауарларды ҚР аумағына әкелген күн мыналар болып табылады:

  • тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады, оның нысанын және ұсыну тәртібін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп белгілейді. Салықтық әкімшілендіру мақсатында уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

  • тауарларды халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бірінші өткізу пунктіне (станциясына) әкелген күн;
  • тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктіне әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберу кезінде – Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пошта штемпелі қойылған күн.

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Өзге де жағдайларда, сондай-ақ ҚР заңнамасында бухгалтерлік есепке алуды жүзеге асыру міндеті көзделмеген тұлғалар үшін импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды алуды (не сатып алуды) растайтын құжат жазып берілген күн бойынша айқындалады. Бұл ретте тауарлардың жеткізілгенін растайтын құжаттар болған кезде тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн деп танылады.


2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі импорт бойынша ҚҚС 

Импорт – бұл Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағына тауарларды әкелу.

Салық салынатын импорт – бұл ЕАЭО немесе ҚР кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын импорт.

Салықтық есептілік

Тауар импорты кезіндегі ҚҚС

Салық кезеңі

ЭШФ жазып беру

Салық есебі

Салықтық есептілік

ҚР СК 456-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына СЕН 328.00 тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша өтінішті, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті.

Тауар импорты кезіндегі ҚҚС

Салық кодексіне сәйкес ЕАЭО аумағынан тауар импорты 12% мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынуға жатады.

ҚР Салық кодексінің 440-бабына сәйкес мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 451-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда).

2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

Тауарды импорттау кезінде ҚҚС төлеушілер мен ҚҚС төлемеушілер төлейді.

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді. (ҚР СК 456-бабының 5-тармағы).

Салық кезеңі

ҚР СК 456-бабының 6 тармағына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде жанама салықтарды есептеу және төлеу үшін салық кезеңі осындай импортталған тауарлар есепке алынған күнтізбелік ай болып табылады. Бұл ретте салықтық міндеттемені салықтық кезең ішінде орындауға жол беріледі.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу, салық салынатын импорт бойынша айналым жасау күні ҚР СК 442-бабына сәйкес анықталады, бұл салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке қабылдаған күні.

ЭШФ жазып беру

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап импортталған тауарды сату кезінде барлық ДК мен ЖШС ЭШФ жазып беруге міндетті.

Шот-фактураларды жазып беру мерзімі 15 күнтізбелік күн.

Импортталған тауарды өткізу кезінде ЭШФ-да Тауарларды әкелу туралы өтініштің тіркеу нөмірін толтыру қажет болғандықтан, импорттаушылар үшін ЭШФ жазып беру мерзімі ұзартылды.

Импорттаушылар ЭШФ-ны салық кезеңінен кейінгі айдың 20күніне дейін жазып бере алады.

Салық есебі

КТС мақсатында импорт бойынша айналым ХҚЕС негізінде бухгалтерлік есеп деректері бойынша (аванс бағамы бойынша немесе тәуекелдер мен пайдалардың ауысу күні бойынша) ескеріледі.

ҚҚС есептеу үшін салық салынатын импорт айналымы Салық кодексінің 442-бабына сәйкес айқындалады.

ҚҚС импортталған тауарды есепке қабылдаған күнге сәйкес келетін айналым жасалған күн бойынша есептеледі (ең соңғысы):

  • ХҚЕС және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңға сәйкес тауарларды бухгалтерлік есепте тану күні;
  • ҚР-ға тауарларды әкелу күні.

ҚР аумағына тауарларды әкелу күні:

  • тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – ҚР аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн (шекарадан өткені туралы талон негізінде)
  • тауарларды халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде - бірінші шекара маңындағы өткізу пунктіне әкелу күні (Тізбе),
  • тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктiне әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық почта жөнелтімдері бойынша жіберген кезде - ҚР аумағында почта штемпелінің қойылған күні болып табылады.

Бухгалтерлік есеп жүргізбейтін ДК есепке алынған күнді жүкқұжаттың немесе тауарды қабылдау-тапсыру актісінің күні бойынша анықтайды.

Егер тасымалдаушыдан құжаттар болса, импортталған тауарларды есепке алу күні тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні болады.