Төлем ведомосі (Т-2 нысаны) - жұмыскерлерге жалақыны, сыйақыларды, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыларды немесе басқа да төлемдерді беруге арналған құжат.

Төлем ведомосінде:

  • жұмыскердің табельдік нөмірі;
  • тегі, аты және әкесінің аты;
  • қолға беруге тиесілі төлем сомасы көрсетіледі;

және ақшаны алғаны туралы қолхат үшін баған бөлінеді.

Төлем ведомосі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген Т-2 нысаны бойынша толтырылады.

Төлем ведомосі бухгалтерияда бір данада жасалады. Төлем ведомосі (есеп айырысу-төлем ведомосі) бойынша шаруашылық жүргізуші субъект штатының құрамында тұрған адамдарға жалақы төлеу жүзеге асырылатынын атап өткен
жөн. Азаматтық-құқықтық шарттар немесе өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша төлемдер жеке есепке алынады.

Төлем ведомосін пайдаланудың артықшылықтары:

Бір төлем тізімдемесі бойынша бірнеше қызметкерге жалақы беруге болады.
Төлем тізімдемесінің тағы бір артықшылығы төлем тізімдемесі бойынша төлем бірнеше күн ішінде жүргізілуі мүмкін.

Төлем ведомосын толтыру тәртібі

Бухгалтерге төлем тiзiмдемесiнде жұмыскерге төленуге тиiстi ақша қаражатының сомасын, яғни барлық мiндеттi алып қоюларды - салықтарды, әлеуметтiк төлемдердi, атқару парақтары бойынша сомаларды, қызметкердің кiнәсiнен жұмыс берушiге келтiрiлген зиянды өтеу сомасын шегергенде көрсету керек.

Персоналмен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттар есеп айырысу және есеп айырысу-төлем ведомостары, жұмыс уақытын есепке алу табелі, өндіру туралы ведомостар, жұмыстарды орындауға арналған нарядтар болып табылады.
Осылайша, жұмыс берушінің жұмыскермен есеп айырысуы бойынша барлық іс-әрекеттер жалақы мен демалыс төлемдерін есептеу бойынша бухгалтерлік есеп айырысу үшін негіз болып табылатын бастапқы кадрлық құжаттар (ведомостар, нарядтар, табельдер) жасалатын жұмыс берушінің жеке актілері (бұйрықтары) негізінде жүргізіледі.

Кәсiпорын жұмыскерлерiне жүргiзiлген есептеулер мен ұстап қалулар туралы ақпарат көрсетiлген есеп айырысу парақтары берiледi.
Жалақы есептеу және төлеу бойынша барлық жүргізілген операциялар туралы ақпарат алу үшін бухгалтер жалақы есебінің шоты бойынша есептеулер мен ұстап қалулар жиынтығын немесе айналым-сальдо ведомосін қалыптастырады.