Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 85-VII Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар бойынша 2022 жылғы 1 наурыздан бастап салық төлеушінің паспорты ұғымы енгізілді.

Салық төлеушінің паспорты - бұл мемлекеттік кірістер органы қалыптастыратын штрих-кодта (QR-код) қамтылған, салық құпиясы болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы.

Осыған байланысты Салық кодексі 75-1-баппен толықтырылды. Салық төлеушінің паспорты

Салық төлеушінің паспортында қандай мәліметтер бар

QR-кодты алу үшін не қажет


Салық төлеушінің паспортында қандай мәліметтер бар

1. Салық төлеушінің паспортын қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады.

2. Салық төлеушінің паспорты мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) сәйкестендіру нөмірі;

2) дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;

3) дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4) салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;

5) тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;

6) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;

7) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.

3. Салық төлеуші паспортының мәліметтерін салық органы айына 1 рет есепті айдан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде қалыптастырады және ол уәкілетті органның сайтында жариялануға жатады.

QR-кодты алу үшін не қажет

Осылайша, паспорт салық органы қалыптастыратын QR-код болып табылады.

Кодты алу үшін:

1. ҚР ҚМ МКК порталына кіру, «Ақпараттық ресурстар», «QR-кодты қалыптастыру» бөліміне өту.

2. Басқаннан кейін жүйе пайдаланушыны кодтарды қалыптастыру сайтына (
https://kgd-qr.kz/) қайта бағыттайды, онда қызмет көрсету тілін таңдап, «QR-кодты алу» батырмасын басу қажет.

3. Осыдан кейін телефон нөмірін енгізіп, «Кодты жіберу»
батырмасын басу керек.

Сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлер кодтарды және олардың жаңартылған нұсқаларын ай сайын дер кезінде көшіріп алып, содан кейін оларды басып шығарылған түрде БКМ орналасқан жерлерге орналастыруы қажет.

Салық төлеушінің паспорты 2022 жылғы 1 наурыздан бастап енгізілді.