Әлеуметтік аударымдар - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша; (ҚР Әлеуметтік кодексі 1-бабының 15-тармағы).

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдар

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі әлеуметтік аударымдар

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдар

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер әлеуметтік аударымдарға қатысты болды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 299 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Оның ішінде «Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Енді әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге тек жұмыс берушілер мен ДК ғана емес, сонымен қатар:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;
  • тіркелген қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдар төлейтін интернет-платформалар операторлары;
  • жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеу кезінде жергілікті атқарушы органдар жатқызылды.

Жеке тармақ енгізілді: арнаулы салық режимін қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар енді есептеу объектісінен 1% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар төлейді.

Егер кіріс ең төменгі жалақыдан аз болса, әлеуметтік есептеулер мыналардан басқа, ЕТЖ-дан есептеледі:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
  • платформалық жұмыспен қамту жұмыскерлері;
  • салық агенттерімен АҚС шарттары бойынша жұмыс істейтін тұлғалар;
  • жеке көмекшілер мен бірыңғай төлем төлеушілер.

АҚС шарттары үшін есептеудің жаңа формуласы бекітілді. Енді есептеу объектісі зейнетақы жарналары мен ҚР СК 400-бабы бойынша азайтылатын табысты шегергендегі табыс болып табылады.

Шектеу белгіленді - бір төлеушіден айына 7 ЕТЖ-дан аспайды.

Төлеудің жаңа тәртібі пайда болды: ағымдағы және алдағы айлар үшін келесі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге болады.

Бұрын бұғаттау тәуекел санатына байланысты болатын, енді - 6 АЕК-тен жоғары берешек кезінде бұғатталады. Салық берешек сомасы шегінде операцияларды, ал касса бойынша - бюджетке аударудан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтатады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыруға кім жатады

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі

ӘА мөлшерлемесі

ӘА төлеу мерзімдері

Міндетті әлеуметтік сақтандыруға кім жатады

ҚР Әлеуметтік кодексі 243-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға:

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;

2) ДК, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, ҚР заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан АҚС шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде ҚР-ғы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, ҚР-да аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар;

 6) жеке көмекшілер;

7) осы Кодекстің 101-1-бабында көрсетілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;

8) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың ұтқыр қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар жатады.

Осы Кодекстің 207-бабында көзделген жасқа жеткен адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.

Осы баптың күші қандастарға, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын және ҚР аумағында кіріс алып келетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР азаматтарымен тең дәрежеде қолданылады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі

1. Осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған жұмыскерлер мен адамдар үшін жұмыс берушінің мынадай түрінде төлейтін шығыстары әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады:

жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын, салықтық кезең үшін есептелген кірісі

алу

салықтық кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары

алу

салықтық кезең үшін ҚР Салық кодексінің 429-бабының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын, ҚР СК 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.

Жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылуы енгізіледі.

Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер күнтізбелік айда бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшеріне қарай есептеледі және төленеді.

Осы тармақтың төртінші бөлігінің ережесі Әлеуметтік кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды.

2. Осы Кодекстің 243-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі - ДК, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері және жеке практикамен айналысатын адамдар, мыналар:

өзі және шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелері үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерін қоспағанда, өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін айқындалатын кіріске тең, бірақ ҚР СК-не сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын алатын кірісінің сомасы болып табылады.

Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, онда олар өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен әлеуметтік аударымдарды төлейді;

жалдамалы жұмыскерлер үшін – осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төленетін шығыстар болып табылады.

3. Осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдар - АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін мыналар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады:

жеке тұлғаның салықтық кезең үшін есептелген, нысанасы төлем көзінен салық салуға жататын жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс сомасы,

алу

салықтық кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары

алу

салықтық кезең үшін төлем көзінен салық салуға жататын, ҚР Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.

Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Әлеуметтік Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдардың кірістерінен ұсталған әлеуметтік аударымдарды төлеушілер уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен аударады.

5. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 821-бабында айқындалған қызметкердің кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады.

Бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

Бұл ретте бірыңғай төлемнен әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

6. Жергілікті атқарушы органдар және өзге де заңды тұлғалар осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасында аталған адамдарға төлейтін кірістер олар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

ӘА мөлшерлемесі

ҚР Әлеуметтік кодексінің 244-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына төлеушілер Қорға төлеуге тиіс әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Әлеуметтік аударымдарды төлеуді бірыңғай төлем құрамында таңдаған салық агенттері үшін әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4,5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 822-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 16,0 пайызды;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,9 пайызды;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,9 пайызды;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,1 пайызды;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,4 пайызды;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,1 пайызды құрайды.

ӘА төлеу мерзімдері

Төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ай сайын есептейді және төлейді.

Салық агенттері АҚС шарттар бойынша кірістер алған жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды кіріс алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.

Салық агенттері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 823-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүргізеді. Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.

Қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын әлеуметтік аударымдарды төлеу күні – банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан әлеуметтік аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн қолма-қол нысанда төлеушінің банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға әлеуметтік аударымдарды енгізген күн болып есептеледі.

Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.

Осы Кодекстің 101-1-бабында аталған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдардың әлеуметтік аударымдарды төлеуі күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін жүзеге асырылуы және кіріс алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізілуі мүмкін.

Бұл ретте әлеуметтік аударымдар және (немесе) олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешек арнаулы мобильдік қосымшаның чектері негізінде орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы алу кезеңіндегі кірістен есептеледі және төленеді.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі әлеуметтік аударымдар

Әлеуметтік аударымдар - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша; (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 15-тармағы).

Әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам; (осы редакцияда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеу кезінде жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар әлеуметтік аударымдарды төлеуші ретінде танылады;

2023 жылғы 1 шілдеден кейін ӘА бойынша жалпы ережелер

Міндетті әлеуметтік сақтандыруға кім жатады

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі

ӘА қандай кірістерден төленбейді

ӘА мөлшерлемесі

ӘА төлеу мерзімдері


Міндетті әлеуметтік сақтандыруға кім жатады

ҚР Әлеуметтік кодексі 243-бабына сәйкес - Міндетті әлеуметтік сақтандыруға:

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;

2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар; (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 дейін қолданылады).

6) осы Кодекске сәйкес жеке көмекшілер жатады.

Осы Кодекстің 207-бабында көзделген жасқа жеткен адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.

Осы баптың күші қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс алып келетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде қолданылады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі

Әлеуметтік кодекстің 245-бабында көрсетілгендей - Әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерлер мен осы Кодекстің 243-бабының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төлейтін шығыстары әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы енгізіледі.

Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер бір төлеушіден күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі, төленеді.

ДК, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері:

  • өзі және шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелері үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерін қоспағанда, өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін айқындалатын кіріске тең, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын алатын кірісінің сомасы болып табылады.

Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, онда олар өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен әлеуметтік аударымдарды төлейді;

  • жалдамалы жұмыскерлер үшін – осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төленетін шығыстар болып табылады.

Осы Кодекстің 243-бабының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері - «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар; республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы, астанадағы айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендердегі айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері болып табылады. (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады).

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-2-бабында айқындалған қызметкердің кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады.

Бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

Бұл ретте бірыңғай төлемнен әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Осы Кодекстің 243-бабының 6) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі - осы Кодекске сәйкес жеке көмекшілер - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 31-бабы 2-тармағының 319) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес оларға жергілікті атқарушы органдар және өзге де заңды тұлғалар төлейтін материалдық пайда болып табылады.

ӘА қандай кірістерден төленбейді

Әлеуметтік кодекстің 245-бабының 7-тармағында көрсетілгендей Қорға әлеуметтік аударымдар:

1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында және 31) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында белгіленген;

2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында белгіленген;

3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді.

Осы тармақтың қолданысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін жұмыскерлердің кірісіне қолданылмайды.

ӘА мөлшерлемесі

Әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің шамасына пайыздық қатынаста көрсетілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін міндетті төлемдердің тіркелген мөлшері;

ҚР Әлеуметтік кодексінің 244-бабына сәйкес Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына төлеушілер Қорға төлеуге тиіс әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызы мөлшерінде белгіленеді,

  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін олар өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 20 пайызын құрайды. (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады).

Әлеуметтік аударымдарды төлеуді бірыңғай төлем құрамында таңдаған салық агенттері үшін әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,2 пайызы мөлшерінде белгіленеді

  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4,5 пайызы.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі мынаны құрайды:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 16,0 пайыз;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,9 пайыз;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,9 пайыз;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,1 пайыз;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,4 пайыз;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,1 пайыз.

ӘА төлеу мерзімдері

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ай сайын есептейді және төлейді. (ҚР Әлеуметтік кодексінің 246-бабы)

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексі) көзделген мерзімде патенттің құнын әр ай үшін бөлек төлеу үшін әлеуметтік аударымдарды төлейді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар әлеуметтік аударымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен төлейді. (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады).

2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.