-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- М
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек. (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 98-тармағы)
2023 жылғы 1 шілдеден кейін атаулы әлеуметтік көмек бойынша жалпы ережелер
2023 жылғы 1 шілдеге дейін атаулы әлеуметтік көмек бойынша жалпы ережелер
2023 жылғы 1 шілдеден кейін атаулы әлеуметтік көмек бойынша жалпы ережелер
Атаулы әлеуметтік көмекке кімнің құқығы бар
Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау
Атаулы әлеуметтік көмекке кімнің құқығы бар
ҚР Әлеуметтік кодексінің 120-бабына сәйкес - Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Адамдардың (отбасылардың) шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түріндегі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған кедейлік шегінің мөлшерін негізге ала отырып, жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын – кедейлік шегі;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша – кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі туралы ақпаратты жариялайды.
Атаулы әлеуметтік көмек оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне тағайындалады.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасы құрамына:
1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі;
2) мерзімді әскери қызметтегі;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі.
Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері
Атаулы әлеуметтік көмек:
- шартсыз ақшалай көмек және
- шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:
- осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
- екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі болған кезде көрсетіледі. (01.01.2024 бастап осы Кодекстің 263-бабында көзделген редакциясында қолданылады).
Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып табылады.
Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады.
Әлеуметтік келісімшарттың, жеке көмек көрсету жоспарының нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
ҚР Әлеуметтік кодексі 123-бабына сәйкес - Өтініш беруші Отбасының цифрлық картасында кірісі туралы ақпарат болмаған кезде осы тарауға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын тоқсан сайын растайды.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.
Шартсыз немесе шартты ақшалай көмек оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалған кезде учаскелік комиссияның адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге өтініш берушінің келісімін алған күн көрсетуге өтініш берілген күн болып есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау
1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.
2. Осы Кодекске сәйкес балаларға қосымша төлем бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне жүргізіледі.
3. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруі немесе оны алу құқығы үшін негіз бола алатын мән-жайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде – мансап орталығын, ал ауылдық жерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімін хабардар етуге міндетті.
4. Өтініш жасаудан алдыңғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа кіріс және тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері мынадай жағдайларда:
- отбасының құрамы өзгерген жағдайда – отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;
- өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында жалған мәліметтерді және (немесе) анық емес құжаттарды беруін қоспағанда, отбасының жиынтық кірісін айқындау кезінде ескерілмеген фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда өтініш жасалған айдан бастап қайта есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмектің артық төленген және (немесе) заңсыз алынған сомалары ерікті түрде, ал одан бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
Атаулы әлеуметтік көмектің артық төленген және (немесе) заңсыз алынған сомалары одан әрі алу кезінде келесі төлемдерден ұсталады.
5. Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттаманың нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
2023 жылғы 1 шілдеге дейін атаулы әлеуметтік көмек бойынша жалпы ережелер
Атаулы әлеуметтік көмекке кімнің құқығы бар
Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды
Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Атаулы әлеуметтік көмекке кімнің құқығы бар
«ҚР арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңның 3-бабына сәйкес - Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға арналған құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.
Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оны алуға құқығы бар азаматтарға ай сайынғы ақшаны, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмиянына электрондық ақшаны төлеуді білдіреді.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға сәйкес - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек.
Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы
1. Жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
1-1. Қазақстан Республикасындағы кедейлік шегінің мөлшерін мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының негізінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
1-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептейді.
Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды
Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға тағайындалмайды:
1) табысы аз адамдар болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
2) осы баптың 6-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасына - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде;
3) адамға (отбасына) бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді алушының кінәсінен орындамаған жағдайларда - атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірудің алдындағы алты ай ішінде;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға) - олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде;
5) учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қажет етпейтін адамдарға (отбасыларға) .
Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері
Атаулы әлеуметтік көмек:
- шартсыз ақшалай көмек және
- шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:
- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
- екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде қызметі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі болған кезде көрсетіледі.
Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып табылады.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
1. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
Атаулы әлеуметтік көмек оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне тағайындалады.
Осы Заңның мақсаттары үшін отбасы құрамына:
1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі;
2) мерзімді әскери қызметтегі;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ шын мәнінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі.