Тауарды әкету - бұл өнiмнiң Қазақстан Республикасының аумағынан экспорты.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды әкету

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды әкету


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды әкету

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.


ЕАЭО-ға тауарлар экспорты

Тауарлардың экспортын растайтын құжаттар

ЕАЭО-ға тауарлар экспорты

ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тауарларды әкету тауарлар экспорты болып табылады. (ҚР СК 467-бабы)

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде ҚҚС төлеушінің ҚР СК 49-тарауына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызуға құқығы бар.

Ережелер тауарларды дайындау туралы шарттар бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын, аумағында оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілетін тауарларға да қатысты қолданылады. Көрсетілген тауарларға алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлар жатпайды.

Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша, заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша, тауарларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.

Тауарлардың экспортын растайтын құжаттар

ҚР СК 521-бабына сәйкес мыналар тауарларды экспорттауды растайтын құжаттар болып табылады:

1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе заттар түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);

2) аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы белгісі бар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда);

3) ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы экспорттау жағдайында тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

4) авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттау жағдайында оның құны туралы растауы.

2. ҚР СК 473-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды растау мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

2) қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар);

3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;

4) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатының әкетілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

5) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (аумағына қайта өңдеу өнімдері импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу және (немесе) төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы белгісі бар (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда);

6) қайта өңдеу өнімдерінің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан әкетілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Егер қайта өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе – осындай қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкеткен жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

7) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.

Қайта өңдеу өнімдерін сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспорттаған жағдайда қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортталуын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.

3. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдері ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспортталған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды растау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

2) қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар);

3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;

4) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

5) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Қайта өңдеу өнімдері магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар, сондай-ақ ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларация;

7) мынадай жағдайларда:

  • тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы экспорттың кедендік рәсімінде әкету;
  • уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендік декларациялауды жүргізген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларация;

8) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;

9) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар, сондай-ақ тауарларды экспорттауды растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация. Электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

10) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.

4. Қайта өңдеу өнімдері сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортталуын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.

Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау жағдайында шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі. (ҚР СК 527-бабы)

ҚР СК 531-бабына сәйкес салық төлеушілері тауарларды импорттаған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдарынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш электрондық нысанда алынған жағдайда, тауарларды экспорттауды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Қазақстан Республикасының салық органы осындай өтінішті алғандығы туралы хабарлама жібереді.

Осы тармақта көрсетілген хабарлама осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына тауарларды экспорттау кезінде оларды өткізу бойынша, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап 180 күнтізбелік күн ішінде электрондық нысанда келіп түспеген кезде қосылған құн салығын төлеуші ҚР СК 506-бабында көзделген мерзімде ҚР СК 503-бабының 1-тармағында белгіленген 16% мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті.

Салық органының осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есепке жазу тәртібі жеке шоттарды жүргізу тәртібімен белгіленеді.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды әкету

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды кез келген тәсілмен әкетуге, оның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберуге, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтуді қоса алғанда, құбыржол көлігі мен электр беру желілерін пайдалануға бағытталған ic-әрекеттер жасау;

ҚР-дағы кедендік реттеу туралы заңның 159-бабына сәйкес - Кеден органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкетуді растау тәртібін Комиссия айқындайды.

ЕАЭО-ға экспорт.

Тауарлардың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортына нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады. ҚҚС төлеуші салық органдары оған ҚҚС қайтару үшін экспортты растауы қажет.

ҚР Салық кодексінің 457-бабы:

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге экспорттау немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық органына осы Кодекстің 424-бабында көзделген СЕН 300.00 қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын өтініштер тізбесін тапсыруға міндетті.

2. Салық төлеушілері тауарларды импорттаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдарынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті СЕН 328.00 электрондық нысанда Қазақстан Республикасының тауарлар экспортын жүзеге асырған салық төлеушісіне Қазақстан Республикасының салық органы осындай өтінішті алғаны туралы хабарлама жібереді.

Осы тармақта көрсетілген хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Осылайша, ЕАЭО КО-на экспорттау кезінде жүкқұжатты (кем дегенде 2), шот-фактураны ресімдеу және сатып алушыдан жанама салықтарды төлеу туралы өтініші болуы қажет.

Өтініш (өтініштер) салық органына:

1) тауарларды экспорттау кезінде оларды өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде тапсырылады.

3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына тауарлардың экспорты кезінде оларды өткізу бойынша, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде электрондық нысанда келіп түспеген кезде қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 425-бабында көзделген мерзімде осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті.

Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есептеуді салық органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 3-тармағында көзделген мерзім өткен соң электрондық нысанда келіп түскен жағдайда, қосылған құн салығының төленген сомалары осы Кодекстің 101 және 102-баптарына сәйкес есепке жатқызылуға және қайтарылуға жатады.

Бұл ретте осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

Бұл жағдайда тауарлардың экспортын растайтын құжаттар:

1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе заттар түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);

2) аумағына тауарлар импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, жанама салықтарды төлеу және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда);

3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері болып табылады.

Тауарлар ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортталған жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

Тауарды әкету кезінде декларацияда қандай деректерді көрсетпеуге болады?

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағынан әкету кезінде, егер декларант тауарларға арналған декларацияны беру кезінде осындай декларацияда мәлімдеу үшін қажетті нақты мәліметтерді алмаған жағдайда, толық емес кедендік декларациялау жүргізілуі мүмкін. Осы ереженің ерекшелігі ЕАЭО Кеден кодексінің 115-бабымен регламенттеледі.

Бұл ретте тауарларға арналған декларацияда көрсетілуге тиіс барлық мәліметтер мәлімделуге тиіс, бұған көрсетілмеуі мүмкін мынадай мәліметтер кірмейді:

1) тауарларды алушы туралы;

2) тауарлардың межелі елі және (немесе) сатушы ел туралы;

3) декларацияланатын тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары туралы;

4) тауарлардың орамы туралы (саны, түрі, таңбалануы және реттік нөмірлері).

Кедендік декларациялау толық емес түрде жүзеге асырылған тауарлар шығарылғаннан кейін декларант тауарлар шығарылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірмей тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) жолымен кеден органына жетіспейтін мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 12.08.2016 жылғы № 5 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына Тізгебеге тауарға ілеспе құжат ретінде енгізілетін тауарларды өткізу кезінде, ЭШФ-ның қағаз көшірмесі танылады, оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органының мөрімен расталады, сондай-ақ мынадай құжаттардың бірі қоса беріледі: ҚР ҚМ МКБ мөрімен расталған кедендік декларацияның көшірмесі; Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес берілген СТ-1 нысанындағы тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы; СТ-КZ нысанындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы; тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі.

Осылайша, «Алулар тізбесіне» енгізілген тауарларды өткізу кезінде тауарға ілеспе құжаттарды салық органында куәландыру қажет. Бұл ретте осындай тауарлар бойынша ЭШФ көшiрмесi iлеспе құжаттарды куәландыруға өтiнiш беру үшiн алдын ала жүргiзiлуi тиiс. СЭҚ ТН кодын негізге ала отырып, бұл жағдайда ЖШС-нің тауарға ілеспе құжаттарды салық органында куәландыру қажеттігі анық болады.

Сондай-ақ, ЕАЭО-ға экспорт бойынша 1-ТС есебін есептік айдан кейінгі айдың 20 күніне дейін тапсыру қажет.

ТІЖ пилоттық жобасына сәйкес 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ТІЖ:

1) акцизделетін тауарлар (этил спирті, алкоголь өнімі, бензин және дизель отыны, темекі өнімдері);

2) ЕАЭО елдерінен импортталатын және экспортталатын тауарлар;

3) ЭШФ ВҚ арқылы ресімделетін тауарлар (жеңіл автомобильдер, теледидарлар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, фотокамералар, электрлік қыздыру кедергілері, дәрілік заттар, құрамында алтын бар өнімдер) бойынша ресімдеу қажет.

Демек, ЕАЭО-ға экспорттау кезінде ТІЖ ресімдеу қажет.

Үшінші елдерге экспорт.

Үшінші елдерге тауарлар экспортына нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

ҚР Салық кодексінің 386-бабы:

Осы Кодекстің 394-бабында көзделген тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, тауарларды экспортқа өткiзу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету тауарлар экспорты болып табылады.

Мыналар тауарлардың экспортын растайтын құжаттар болып табылады:

1) экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келiсiмшарт);

2) осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;

3) экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарлар:

магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы;

уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып әкетілген кезде кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларацияның көшiрмесi;

4) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;

5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда – оның құнын растауы;

6) тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың бақылау-өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмелері;

7) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.

Қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 433-бабына сәйкес бақылау шоттарын пайдаланған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында белгіленген құжаттың болуы талап етілмейді.

ҚР 413СК бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шот-фактура тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі;

Осылайша, үшінші елдерге экспорттау кезінде жүкқұжатты, шот-фактураны және ЖКД ресімдеу қажет. Бұл ретте экспортқа кеден төлемдерiн төлеу қажет болады (тауарға байланысты).

Экспорт кезiнде ЖКД берудi (ресiмдеудi) қоспағанда, экспорт кезiнде құжаттар салық органдарына ұсынуға жатпайды.

Экспортқа өткiзу кезiнде салық төлеушi есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiнгi КТС (СЕН 100.00) бойынша декларацияда және ЖСҚ-да экспорттан алынған кiрiстердi көрсетедi, СЕН 300.00 экспорт 300.00.002-жолы бойынша көрсетiледi.

ҚР СК 380-бабының 6-тармағына сәйкес осы бөлімнің мақсатында шетел валютасындағы операция айналымды жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.

ҚР СК 379-бабының 8-тармағына сәйкес тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өту күні;

2) тауарлар уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні;

3) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілетін, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) және өзге де жетіспейтін мәліметтер енгізілген күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

Тауарларды экспорт режимінде әкету кезінде Қазақстан Республикасының шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күн айналым жасау күні болып танылады.

ҚҚС мақсатында СЕН 300.00 тауар экспорты кезінде бағам айналым жасау күніне - шекарадан өту күніне қолданылатын болады.