Тауардың шығу белгісі - бұл салық салу объектісін (мысалы: тауар, жұмыс, қызмет) және оның шыққан елін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін сандық белгі. Бұл белгі шот-фактураны ресімдеу кезінде көрсетіледі. Тауардың шығу белгісі ҚР аумағында тауарларды қадағалау үшін пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру қағидаларына және оның нысанына сәйкес «Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу белгісі» деген 2-бағанда тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу тегінің мынадай белгілері (бұдан әрі - Белгі) көрсетіледі:

«1» - тізбеге енгізілген тауар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тізбеге енгізілген тауар өткізілген жағдайда;

«2» - тізбеге енгізілмеген тауар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінген тізбеге енгізілмеген тауар өткізілген жағдайда;

«3» - ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тізбеге енгізілген тауар өткізілген жағдайда;

«4» - ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тізбеге енгізілмеген тауар өткізілген жағдайда;

«5» - «1», «2», «3», «4» белгілеріне жатпайтын тауарды өткізген жағдайда, сондай-ақ ғимаратты, құрылысты немесе жер учаскесін өткізген кезде;

«6» - жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген жағдайда.

Бұл баған толтыруға жатады.