Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты (бұдан әрі – жеке шот) – салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған) сомаларын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомаларын есепке алуға арналған құжат. (ҚР Салық кодексінің 21-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке шотты жүргізу

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке шотты жүргізу

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке шотты жүргізу

Жаңа Салық кодексі (ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер салық төлеушінің жеке шотын жүргізуге қатысты болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен:

  • Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу қағидалары;
  • салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтініштің нысаны бекітілді.

Құжатқа сәйкес, жеке шоттар барлық салық міндеттемелерін - есептеулерді, төлемдерді, есепке алуларды, қайтаруларды, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу үшін, сондай-ақ салыстырып тексеру жүргізу және бюджет алдында берешектің жоқ (немесе бар) екендігі туралы ақпаратты қалыптастыру үшін пайдаланылады. 

Салық және әлеуметтік міндеттемелерді есепке алу үшін әрбір салық төлеушіге немесе салық агентіне мемлекеттік кірістер органдарында жеке шот ашылады.

Шотта:

  • салықтар мен төлемдердің есептелген, төленген, есепке жатқызылған және қайтарылған сомалары;
  • өсімпұлдар, айыппұлдар, әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
  • артық төлемдерді есепке алу және қайтару жөніндегі операциялар;
  • салықтар мен айыппұлдарды есептен шығару;
  • есеп айырысулардың ағымдағы сальдосын қалыптастыру көрсетіледі.

Жеке шот сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) және салық төлеушінің тіркеу деректері негізінде ашылады.

Ол:

  • заңды тұлғалар мен олардың филиалдары үшін;
  • тұрақты мекеме немесе тәуелді агент арқылы жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалар үшін;
  • дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін;
  • жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері бойынша (резиденттер үшін) немесе болатын жері бойынша (бейрезиденттер үшін) құрылады.

Салықтар мен төлемдердің санатына қарай жеке шоттар:

  • салық бойынша (ҚҚС-тан басқа);
  • қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша;
  • қайтарылған ҚҚС сомасы бойынша;
  • әлеуметтік төлемдер бойынша ашылады.

Шот күнтізбелік жылдың басында немесе есеп айырысу сальдосы (артық төлеу немесе берешек) көрсетіле отырып, салық міндеттемесі туындаған күні ашылады.

Жеке шоттағы барлық операциялар күнін, мазмұнын және негіздемесін (құжатты) көрсете отырып тіркеледі.

  • берешек «-» (минус) белгісімен белгіленеді,
  • артық төлеу - «+» (плюс) белгісімен.

Жеке тұлғалар үшін шотта ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты және бюджеттік сыныптама бойынша төлем кодтары көрсетіледі.

Жеке шоттар ұлттық валюта - теңгемен және тиынмен жүргізіледі. Салықтарды есептеу және төлеу жөніндегі барлық операциялар арнайы тізілімдер мен есептер:

  • салықтар мен төлемдер бойынша есептеулер мен кемітулердің тізілімі;
  • тексеру қорытындылары бойынша есептеулер мен өндіріп алу туралы қаулылар тізілімі;
  • төлем құжаттарымен бірге түсімдер туралы күн сайынғы есептер;
  • салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы тізілім негізінде тіркеледі.

Жазбалар тиісті құжаттарды алған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.

Операцияның әрбір күніне есеп айырысу сальдосы - салықтар, төлемдер, әлеуметтік аударымдар, өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша ағымдағы жиынтық айқындалады.

Әр ай және тоқсан сайын мемлекеттік кіріс органдары барлық есептеулердің, төлемдердің және қайтарулардың жалпы қорытындысын шығарады. Есепке алуды оңайлату үшін барлық операциялар түрлері бойынша бөлінген:

  • «Есептелді»,
  • «Азайтылды»,
  • «Төленді»,
  • «Қайтарылды».

Есеп айырысу сальдосы (бересі немесе артық төлеу) белгіленген формула бойынша автоматты түрде есептеледі, бұл салық төлеушінің берешектерін немесе артық төлемдерін жедел қадағалауға мүмкіндік береді.

Өсімпұлдар мен айыппұлдар үшін есепке алудың жеке бағандары көзделген, онда есептеулер, төлемдер және қайтарулар тіркеледі.
Олар бойынша сальдо төлеуге немесе қайтаруға жататын соманы көрсете отырып, автоматты түрде есептеледі.

Бұдан басқа, жеке шотта соманы және міндеттемелерді өтеу кестесін қоса алғанда, салықтарды төлеу мерзімдерінің өзгеруі туралы ақпарат жеке көрсетіледі.

Жаңа қағидаларға сәйкес салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеу бойынша барлық салық міндеттемелері жеке шоттың «Есептелді» және «Азайтылды» бағандарында ұсынылған салық есептілігі негізінде автоматты түрде көрсетіледі.

Егер деректерді автоматты түрде көрсету мүмкін болмаса, жазба мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды адамы қалыптастыратын Есептеуге тізілімнің негізінде қолмен жүргізіледі.

Есептеуге тізілім, атап айтқанда:

  • мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтер бойынша;
  • мемлекеттік кірістер органының шешімі бойынша;
  • қайта өңдеу өнімдерін әкелу немесе әкету туралы міндеттемелер мен есептер негізінде;
  • тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді ұсыну жөніндегі талаптардың бұзылуы анықталған кезде;
  • көрме-жәрмеңкелік сауда қорытындылары бойынша;
  • ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарларға бағаның ең төменгі деңгейі сақталмаған кезде жасалады.

Жеке шоттардағы барлық жазбалар Есептеуге тізілім жасалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде орындалады.
Бұл ретте есеп жүргізуге жауапты лауазымды адам сол күні деректерді «Есептелді» немесе «Азайтылды» бағанына енгізуге және жазбаны өзінің қолымен және күнімен растауға міндетті.

ЕАЭО шеңберінде қайта өңдеу өнімдерін әкелуге және әкетуге байланысты операцияларға ерекше назар аударылады - мұндай жағдайлар үшін салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін есепке алу мен ауыстырудың егжей-тегжейлі тәртібі көзделген.

Егер салық есептілігі немесе салықтарды төлеу шетел валютасында жүргізілсе, жеке шотта сомаларды көрсету есептілікті ұсыну немесе төлеу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні белгіленген нарықтық бағам бойынша теңгемен жүргізіледі.

Валюта бағамы өзгерген жағдайда мемлекеттік кіріс органдары «Есептелді» немесе «Азайтылды» бағандарына жазу арқылы салық сомасын түзетуді жүргізеді.

Мүлік пен көлік құралдарына салынатын салықтарды есептеу мемлекеттік тізілімдегі деректер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Мемлекеттік кіріс органдары әрбір салық төлеуші - резидент те, бейрезидент те үшін салық сомасы туралы хабарламаны қалыптастырады. Осы хабарламалардың негізінде Есептеуге тізілім арқылы жеке тұлғаның жеке шотына жазба жүргізіледі.

Салықтық тексерулерді жүргізу кезінде салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары Есептеуге тізілімге енгізіледі және жеке шоттарда автоматты түрде көрсетіледі. Егер салық төлеуші хабарламаға шағымданса, қараудағы сома шешім шығарылғанға дейін жеке шоттың жеке бағанына уақытша көшіріледі. Хабарлама күшін жойған кезде есептеулер түзетіледі, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылған кезде - өсімпұл есептеумен өндіріп алынады.

Салықтар мен төлемдердің түсімдері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органнан алынған төлем құжаттарының негізінде тіркеледі. Жазбалар әрбір төлем бойынша күнін, сомасын, деректемелерін және бюджет кірістері сыныптамасының кодын көрсете отырып жүргізіледі. Қаражатты есепке алу кезінде қателер болған жағдайда мемлекеттік кіріс органдары қателер бойынша хаттама жасайды және бес жұмыс күні ішінде қате төленген сомаларды есепке жатқызуды немесе қайтаруды жүргізеді. Егер мемлекеттік кіріс органы кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсынса, тиісті деректер Салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі тізілімге енгізіледі. Жеке шоттарда өтеу кестесі тіркеледі және заңда белгіленген ерекшеліктерден басқа, мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі. Мерзімінен бұрын төленген немесе кейінге қалдыру шарттары бұзылған кезде мерзімдерді өзгерту туралы шешім қолданылуын тоқтатады.

Егер акционерлік қоғамның берешегі соттың шешімі бойынша акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы өтелген жағдайда, жеке шотта төлеу мерзімдерінің тоқтатыла тұруы, берешек сомасы және акцияларды орналастыру күні тіркеледі. Акцияларды орналастыру
кезеңiне өсiм есептелмейдi.

Салықтар мен төлемдердің қате есептелген және анықталмаған сомалары Төлемдер журналында көрсетіледі. Мемлекеттік кіріс органдары күн сайын олардың тиесілігін анықтайды, есепке алуды және қайтаруды жүргізеді. Банктер қаражатты қайта аударған жағдайда қайтару өтініш және растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ осы бұйрықпен:

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке шотты жүргізу

Жеке шот - бухгалтерия немесе банк жекелеген тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу үшін ашатын шот. Мұндай шотта осы клиентпен барлық ақша-кредит операциялары көрсетіледі.

Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты - салық және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген, есепке жазылған (кемітілген), аударылған және төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған) сомаларын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;

Көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттары ұлттық валютада жүргізіледі.

Жеке шоттарды жүргізу қағидаларының 1-параграфына сәйкес - Көрсетілетін қызметті алушы жеке шотын жүргізу өзіне есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, әлеуметтік төлемдердің сомаларын жеке шотта көрсетуді, жеке шотты беруді және жабуды қамтиды.

Жеке шотты ашу кезінде көрсетілетін қызметті алушы сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу деректері негіз болады.

Жеке шоттар:

1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, жеке практикамен айналысатын дара кәсіпкер, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға, тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы болып табылатын бейрезидент тұлға үшін орналасқан орны, салықтар және бюджетке төленетін төлемдердің төлеуі бойынша ашылады;

2) жеке тұлға үшін жеке шоттар:

·        резиденттің тұрғылықты орны, салықтар және бюджетке төленетін төлемдердің төлеуі бойынша;

·        бейрезиденттің келу орны бойынша, банктің орналасқан жері бойынша ашылады.

Жеке шот бюджет кірістерінің сыныптама кодтары бойынша әлеуметтік төлемдер тізбесіне сәйкес ашылады:

·        салықтардың (ҚҚС қоспағанда), бюджетке төленетін төлемдердің – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

·        ҚҚС бойынша жеке шот – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

·        ҚҚС сомасын қайтару бойынша – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

·        әлеуметтік төлемдер бойынша – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Жеке шот көрсетілетін қызметті алушыға ағымдағы жылдың басына немесе бересі немесе артық төлем сомасын қамтитын есеп айырысулар сальдосын көрсете отырып, салық міндеттемесі, әлеуметтік төлемдерді аудару бойынша міндеті туындаған күнге ашылады. Көрсетілетін қызметті алушыда бересісі немесе артық төлем болмаған жағдайда, есеп айырысулар сальдосы нөлге тең деп саналады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсету күнін, жүргізілген іс-әрекеттің мазмұнын, оның негізінде мұндай көрініс жүргізілген құжаттың атауын көрсете отырып, есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар көрсетіледі.

Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулардың сальдосы жеке шоттың "Сальдо" деген тиісті бағанында берешегі болған кезде "алу" (-) белгісімен, артық төлем сомасы болған кезде "қосу" (+) белгісімен көрсетіледі.

Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың жеке шоттарында:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН);

2) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

3) дара кәсіпкердің атауы;

4) бюджеттiк кiрiстердiң сыныптамасы бойынша салық (төлемақы) коды көрсетіледі.

Жеке шоттарын ашу, жүргізу, беру, жабу кезінде тіркеу деректерінен көрсетілетін қызметті алушы туралы қажетті ақпарат пайдаланылады.

Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің жеке шоттарын ашу кезінде жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі.