180.00-нысан - АХҚО үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан)

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АХҚО үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан)

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі АХҚО үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан)

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АХҚО үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан)

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есептілік 30%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен олардың жасалуы бойынша түсіндірмесі бар салықтық есептілік нысандары және 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді. АХҚО үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан) салықтық есептілік нысандарының тізбесінде жоқ.

Осылайша, 2026 жылға АХҚО үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан) тапсырылмайды (100.00-нысандағы қосымша).

 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі АХҚО үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан)

СЕН 180.00АХҚО үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан).

АХҚО үшін «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан)» (бұдан әрі - декларация) Конституциялық заңның 6-бабының 3, 4 және 7-тармақтарына сәйкес корпоративтік табыс салығын салудан босатылатын кірістерді декларациялауға арналған.

180.00-нысандағы декларация «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 6-бабының 9-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), АХҚО Басқарушысының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 48 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 596 бірлескен бұйрығымен бекітілген Салықтық әкімшілендіру және мемлекеттік кірістер органдарының «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) органдарымен және қатысушыларымен салық салу мәселелері бойынша өзара іс-қимылы қағидаларының 12-тармағына сәйкес іске асыру мақсатында қабылданды.

180.00-нысандағы Декларацияны кім жасайды

180.00-нысандағы Декларацияны тапсыру үшін салықтық кезең

Жауапкершілік

180.00-нысандағы Декларацияны кім жасайды

180.00-нысандағы декларацияны резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі арқылы қызмет атқаратын бейрезидент-заңды тұлғалар келесі шарттарды біруақытта сақтаған жағдайда жасайды:

1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен және қызметін АХҚО аумағында ғана жүзеге асыратын АХҚО қатысушылары болып табылады;
2) Конституциялық заңның 6-бабының 3, 4 және 7-тармақтарына сәйкес босатылатын табыстарды ғана алады;
3) Салық кодексінің 40-бабына сәйкес сенімгерлік басқарушылар болып табылмайды.

180.00-нысан 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

180.00-нысандағы Декларацияны тапсыру үшін салықтық кезең

Салықтық кезең - жыл. КТС бойынша декларацияны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсыру қажет.

Жауапкершілік

Салықтық есептілікті ұсынбағаны үшін 15-70 АЕК (кәсіпкерлік субъектісіне байланысты) айыппұл салынады, ал бірінші рет ескерту жасалады.
Декларацияда, өтініште немесе есепте салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сомасын төмендеткені үшін есептелген салық немесе басқа да төлем сомасынан 20% - 80% айыппұл салу қаупі бар

«Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация» (180.00-нысан) салықтық есептілігін жасау қағидалары