СЕН 510.00 - Қол қою бонусы бойынша декларация 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 510.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін 510.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 510.00-нысан

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

СЕН 510.00 - Қол қою бонусы бойынша декларация

Декларация қол қою бонусы бойынша салықты есептеуге арналған.

Декларацияны кім жасайды

Есептілік және Декларацияны тапсыру мерзімдері

Декларацияны кім жасайды

Қол қою бонусы бойынша декларация СЕН 510.00 (бұдан әрі – декларация) қол қою бонусын есептеуге арналған және жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың (аукционның) жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасқан (алған) жеке немесе заңды тұлға жасайды.

Есептілік және Декларацияны тапсыру мерзімдері

Қол қою бонусын төлеу мерзімі басталатын күнтізбелік тоқсан қол қою бонусы бойынша салықтық кезең болып табылады. (ҚР СК 763-бабы)

Қол қою бонусы бойынша декларацияны СЕН 510.00 қол қою бонусын төлеуші тұрған жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 510.00-нысан

СЕН 510.00 - Қол қою бонусы бойынша декларация (510.00-нысан).

Декларация қол қою бонусы бойынша салықты есептеуге арналған.

Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақта (жер қойнауы учаскесінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен келісімшарттық аумақты (жер қойнауы учаскесін) кеңейту кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.

510.00-нысандағы қол қою бонусы бойынша декларацияны жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша жеке жасайды.

Қол қою бонусын есептеу тәртібі және сомасы

Салықтық есептілік және төлеу мерзімдері

Қол қою бонусын есептеу тәртібі және сомасы

Қол қою бонусын есептеу тәртібі ҚР СК 726-бабымен регламенттелген.

Аукцион нәтижелерi бойынша берiлетiн лицензияны қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия бойынша қол қою бонусының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және қол қойылатын бонусты төлеу күнiнде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көрсетiлген ставка негiзге алына отырып есептеледi.

 Салықтық есептілік және төлеу мерзімдері

Қол қою бонусын төлеу мерзімі басталатын күнтізбелік тоқсан қол қою бонусы бойынша салықтық кезең болып табылады.

510.00-нысандағы қол қою бонусы бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тұрған жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін ұсынады.

Қол қою бонусын төлеу мерзімі:

1. Қол қою бонусы бюджетке салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық төлеуші конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусы осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке төленеді.

3. Келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілген кезде қол қою бонусы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке төленеді.

4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу кезінде қол қою бонусы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке төленеді.

Қол қою бонусы және коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) (510.00-нысан) жасау қағидалары