Жарнама - бұл кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат («Жарнама туралы» Заңның 3-бабы).

Сондай-ақ «Жарнама туралы» Заңның  3-бабында «сыртқы (көрнекі) жарнама» деген ұғым регламенттелген.

Сыртқы (көрнекі) жарнама - бұл сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама;


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жарнама туралы ережелер

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жарнама туралы ережелер


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жарнама туралы ережелер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) күшіне енді.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем туралы ақпарат ҚР Салық кодексінің 70-тарауының 6-параграфында қамтылған. 

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төлеушілер:

  • сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері;
  • жарнама орналастырылатын ғимараттардың (құрылыстардың) меншік иелері болып табылады.

Егер жарнама өздерінің функционалдық міндеттері шеңберінде орналастырылса, мемлекеттік органдар төлеуші болып табылмайды.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері жарнама орналастырылған айдың бірінші күні қолданыста болған АЕК-пен айқындалады. Мөлшерлеме мөлшері:

  • орналасқан жеріне;
  • ауданына;
  • жарнама түріне байланысты болады.

Хабарламаны жібермей жарнаманы орналастырған жағдайда төлемақы мөлшерлемесі 2 есе ұлғайтылады. 

Облыстардың жергілікті мәслихаттары:

  • мөлшерлемелерді 50%-дан аспайтын мөлшерге төмендете;
  • мөлшерлемелерді 100%-дан аспайтын мөлшерде көтере алады.

Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті мәслихаттары:

  • мөлшерлемелерді 50%-дан аспайтын мөлшерге төмендете;
  • 200%-дан асырмай көтере алады.


Төлемақы төлеушілер

Көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Төлемақы мөлшерлемелері

Есептеу, төлеу тәртібі және төлеу мерзімдері


Төлемақы төлеушілер

ҚР СК 654-бабына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері төлемақы төлеушілер болып табылады.

Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін заңды тұлға төлемақы төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді іске асыруға байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

Көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады. (ҚР СК 653-бабы)

Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнаманы іс жүзінде орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда, жергілікті өкілді органның шешімін ескере отырып, ҚР СК 655-бабында айқындалған төлемақы мөлшерлемелері екі есеге ұлғайтылады.

Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді ұсынады.

Төлемақы мөлшерлемелері

ҚР СК 655-бабының негізінде төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде айқындалады.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрді қоса алғанға дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Жолдар санаты

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кіреберістер

8

2.

I, II

7

3.

III

3

4.

IV

2

Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді.

Облыстардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне және көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 100 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.

Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 200 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.

Есептеу, төлеу тәртібі және төлеу мерзімдері

1. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:

1) хабарламада көрсетілген;

2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.

Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.

Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.

Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жарнама туралы ереже

«Жарнама туралы» Заңның 3-бабында «жарнама» және «сыртқы (көрнекі) жарнама» сияқты ұғымдар регламенттелген.

Жарнама - кез келген құралдардың көмегімен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, тұлғалардың белгісіз тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және оларды іске асыруға ықпал етуге арналған ақпарат («Жарнама туралы» Заңның 3-бабы)

Сыртқы (көрнекі) жарнама - сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс ашық кеңістікте визуалды қабылдауға қолжетімді жарнама;

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем

Сыртқы (көрнекі) жарнамаға жатпайтыны

Төлем мөлшерлемелері

Есептеу, төлеу тәртібі және төлеу мерзімдері


Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем

Салық кодексiнiң 603-бабына сәйкес Салық елдi мекендердегi ашық кеңiстiктегi және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегi жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектiлерде орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнамаға есептеледi.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық таблолары, билбордтар, стелалар, сілтемелер, афишалар түрінде және жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде жарнамалық бейнелер мен жазбаларды бейнелеу мен түсірудің өзге де тәсілдерімен жүзеге асырылады.

Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.

 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнамаға жатпайтыны

«Жарнама туралы» Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнамаға:

1) маңдайша;
2)
жұмыс режимі туралы ақпарат;
3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишалары;
4) техникалық қызмет көрсету құралдары мен көлік құралдарын дараландыру;
5) автожанармай құю станцияларына кіреберісте орналастырылатын мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағасы, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;
6)
мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);
7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат;
8) мынадай сипаттағы сыртқы визуалды қабылдау үшін сөрелер мен терезелердің ішкі безендірілуі:

  • үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;
  • көрсетілетін қызметтердің түрлері;
  • дараландыру құралдары;
  • сәндік және мерекелік безендіру жатпайды.

Төлемақы мөлшерлемелері

Төлемақы ставкалары, ҚР Салық кодексінің 605-бабында көрсетілгендей, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері 3-8 АЕК-тен құрайды.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы осындай жарнаманы орналастыру жағының алаңымен үш және одан да көп шаршы метр орналастырған кезде төлемақының базалық ай сайынғы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының алаңының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар арттырылады.

Есептеу, төлеу тәртібі және төлеу мерзімдері

Салық кодексінің 606-бабы негізінде - төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:

1) хабарламада көрсетілген;

2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы күнтізбелік бір айдан кем мерзімге орналастырған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.

Бюджетке енгiзiлуге тиiс төлемақы сомасы ағымдағы айдың 25-iнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ай сайын төленедi.

Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны бойынша бюджетке төленеді.