Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін өткізу және қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, салықтық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған кіріс салық салу объектісі болып табылады.

Салық кезеңі

БЖС төлеушілер қандай салықтар мен төлемдерді төлемейді

БЖС төлеу мерзімі

Есептілік

Салық кезеңі

Арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.

Бiрыңғай жер салығын есептеудi салық төлеушi есептi салықтық кезең үшiн салық салу объектiсiне 0,5 пайыз мөлшерiнде мөлшерлеме қолдану жолымен дербес жүргiзедi.

БЖС төлеушілер қандай салықтар мен төлемдерді төлемейді

Бірыңғай жер салығын төлеушілер салық пен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:

1) шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен кірістерден, оның ішінде осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістерден алынатын жеке табыс салығын;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;

3) осы Кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – көлiк құралдары салығын;

4) осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – мүлiк салығын;

5) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – әлеуметтік салықты;

6) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны төлеушiлер болып табылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, осындай салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық есептілігін табыс ету, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен не осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

БЖС төлеу мерзімі

Бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен:
1)
салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомаларды төлеу – ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде;
2)
салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген сомаларды төлеу – есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде жүргiзiледi.
Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу жер учаскесі тұрған жер бойынша жүргізіледі.

Есеп беру

Бірыңғай жер салығын төлеушілер Бірыңғай жер салығын (бұдан әрі - БЖС) және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС), жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған СЕН 920.00 «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияны» тапсырады.

Декларацияны СК 707-бабына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жасайды.

Декларацияда - «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация СЕН 920.00» бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін бірыңғай жер салығының, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары көрсетіледі.

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.