Салықтық база - салық салу объектісінің құндық, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге жататын салықтар мен төлемдердің сомасы айқындалады. (Салық кодексінің 33-бабы)

ҚР Салық кодексінің 466-бабына сәйкес - Акцизделетін тауарлар бойынша салықтық база өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутек қоспалары және экологиялық отын бойынша салықтық база берілген акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.

Осы Кодекстің 463-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің және шараптың барлық түрлеріне құйылып әртүрлі акциз мөлшерлемелері белгіленген жағдайда, салықтық база сол бір мөлшерлемелер бойынша салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады (ҚР СК 467-бабы.).

Салық кодексінің 473-бабына сәйкес салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі.

Осы бапқа сәйкес салықтық базаның мөлшерін түзету түзетуге жататын акциз сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негізді растайтын екіжақты актілердің және шартта (келісімшартта) көрсетілген қайтару жағдайларының туындағанын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

Акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайына өндірушіге қайтарған кезде салықтық базаның мөлшерін түзету, егер өндіруші акцизделетін тауарлардың өндіріс мекенжайынан орнын ауыстырған, бірақ оларды өткізбеген жағдайда, өндірушінің тауарларға ілеспе құжаттарының негізінде жүргізіледі.

Акцизделетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден импорты кезінде салықтық базаның мөлшерін түзету осы Кодекстің 459-бабының 1, 2, 3және 4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

Арақты, айрықша арақты және этил спиртінің көлемдік үлесі он бес пайыздан асатын басқа да алкоголь өнімін қоспағанда, осы Кодекстің 462-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарлар бойынша салықтық базаны, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндіруші жүзеге асырған оның орын ауыстыруына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, акцизделетін тауарды өндіруші экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.

Осы тармақта көзделген салықтық базаны түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салықтық кезеңде жүргізіледі.

Бұл ретте осындай түзету ескеріле отырып, салықтық базаның теріс мәні болуы мүмкін.

Салық кодексінің 479-бабында белгіленгендей Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салықтық база импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі, саны ретінде айқындалады.

Жер учаскесінің және (немесе) жер үлесінің алаңы жер салығын айқындау үшін салықтық база болып табылады. (Салық кодексінің 502-бабы)

ҚР Салық кодексінің 520-бабы негізінде - бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң жылдық орташа баланстық құны осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 1)3)4) және 5) тармақшаларында тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық база болып табылады.