-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
АҚС шарты - бұл орындаушы жеке тұлға және тапсырыс беруші заңды тұлға тараптары болатын қызметтер көрсетуге арналған шарт.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар
2025 жылғы 01 қаңтардан бастап жеке табыс салығы (ЖТС)
2025 жылғы 01 қаңтарға дейін жеке табыс салығы (ЖТС)
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)
Міндетті медициналық сақтандыруға арналған жарналар (МӘМСЖ)
2025 жылғы 01 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдар (ӘА)
Азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар:
- Мердігерлік шарт - бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижесін белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге тапсыруға міндеттенеді, ал тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдауға және оған ақы төлеуге міндеттенеді. Жұмыс мердігердің күшімен өз қаражаты мен материалдарын (егер мердігерлік шартта өзгеше көзделмесе) пайдалана отырып, жұмыстың нәтижесі материалдық емес түрде орындалады.
- Ақылы қызмет көрсету шарты - Орындаушы тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырыс беруші осы қызметтерге, жұмыс нәтижесіне материалдық бейнеде ақы төлеуге міндеттенеді. Егер ақылы қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, орындаушы қызметтерді жеке өзі көрсетуге міндетті (ҚР Азаматтық кодексінің 684-бабы). Тапсырыс беруші өзіне көрсетілген қызметтерге ақылы қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен ақы төлеуге міндетті (ҚР АК 685-бабы).
- Агенттік шарт - Орындаушы тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша тапсырыс берушінің мүдделерін білдіру жөнінде қызметтер көрсетуге міндеттенеді.
Азаматтық-құқықтық
сипаттағы (АҚС) шарт Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексімен, АҚС шарты бойынша қатынастардың сипаты -
Азаматтық-құқықтық қатынастармен реттеледі.
АҚС шартын жасасу кезінде қатысатын тараптар - Орындаушы және тапсырыс беруші, бұл ретте: -
орындаушы тапсырыс берушінің жұмыскері болып табылмайды және орындаушы тапсырыс
берушімен еңбек қатынастарында тұрмайды.
АҚС шартының мәні – орындаушы шартта көрсетілген белгілі бір жұмыстар
мен қызметтерді көрсетеді, бұл ретте жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді)
орындау үшін өзі дербес шарттарды қамтамасыз етеді;
АҚС шарты кезіндегі жұмыс уақыты - қызмет көрсету мерзімдері қатаң ескертілген, бұл
ретте орындаушының аурухана, демалыс және т.б. алуға құқығы жоқ;
АҚС шарты кезінде ақы төлеу мөлшері шарт тараптарымен реттеледі;
Кепілдіктер - егер кепілдіктер мен
өтемақылар туралы талаптар АҚС шартына енгізілмесе, онда олар
орындаушыға берілмейді;
Жауапкершілік - тараптар ҚР АК көзделген
азаматтық-құқықтық жауапкершілікте болады, орындаушы тапсырыс берушіге тек сот
процесі арқылы ғана ықпал ете алады;
АҚС шарты бойынша салық салу
2025 жылғы 01 қаңтардан бастап жеке табыс салығы (ЖТС) (2025 жылғы 15 шілдедегі № 208-VІIІ ҚРЗ Заңымен ретроспективалық өзгерістер)
2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 208-VІIІ ҚРЗ Заңына қол қойды. Осы Заңмен ҚР СК 356-бабына 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап ретроспективті түзетулер енгізілді.
ҚР СК 356-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес 1-4-тармақ енгізілді, оған сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
Төлем көзінен салық салынуға жататын кірістердің
салықтық кезең үшін есепке жазылған сомасы,
алу
ағымдағы салықтық кезеңдегі кірісті түзетудің ҚР СК 341-бабының 1-тармағында көзделген сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген
мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдер
сомасы,
алу
ҚР СК 345-1-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерімдер
сомасы,
алу
ҚР СК 345-2-бабында белгіленген
тәртіппен және мөлшерде нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік
аударымдар түріндегі салықтық шегерімдер сомасы,
алу
ҚР СК 343-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, ҚР СК 346-бабында
белгіленген тәртіппен және мөлшерде стандартты шегерімдер сомасы.
Осылайша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке
тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау кезінде салық агентіне тауарларды
өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін төлем көзінен жеке
тұлғаның кірісінен ұсталатын әлеуметтік аударымдар сомасы шегеріледі.
Есептеу формуласы былайша
көрінеді:
Салық салынатын кiрiс = Кiрiс - Түзету - МЗЖ – МӘМСЖ - ӘА - Стандартты шегерiмдер.
Сондай-ақ осы Заңмен ҚР СК 342-бабына түзетулер енгізілді, оған сәйкес 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап АҚС шарттары бойынша кірістерден әлеуметтік аударымдар бойынша жаңа салықтық шегерім ретроспективті түрде енгізілді.
ҚР СК 342-бабына сәйкес: Жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:
1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;
2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім;
3) стандартты салықтық шегерімдер (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);
4) көп балалы отбасылар үшін салықтық шегерімдер;
5) өзге салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге шегерімдер), олар:
- ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді;
- оқытуға арналған салықтық шегерімді;
- медицинаға арналған салықтық шегерімді;
- сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтиды;
6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім.
АҚС шарттары бойынша кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім ҚР Салық кодексінің жаңа 345-2-бабымен регламенттелген.
ҚР СК 345-2-бабына сәйкес Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім салық агентінде нысанасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес есептелген, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар сомасына, оларды есептеу күніне сай келетін салықтық кезеңде қолданылады.
ҚР СК 343-бабының 3-тармағына сәйкес салық агентінде күнтізбелік ай үшін жұмыскердің кірісі және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс түріндегі бір жеке тұлғаға кірістерді төлеу бойынша міндеттемелер болған кезде стандартты шегерім күнтізбелік ай үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы шегінде мынадай реттілікпен:
- жұмыскердің кірісіне – осындай кіріс сомасы шегінде;
- салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске – стандартты шегерімнің қалған мөлшерінде қолданылады.
2025 жылғы 01 қаңтардан бастап жеке табыс салығы (ЖТС) (енгізілген өзгерістерге дейін)
2025 жылғы 01 қаңтардан бастап 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі) ережелері күшіне енді, оған сәйкес СК 3-бабының 356-тармағы мынадай:
Жұмыскердің кірісінен басқа, жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын табысының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
ағымдағы салық кезеңінде алынған төлем көзінен салық салуға жататын табыстар сомасы (қызмет көрсету немесе жалға алу маңызды емес),
алу
Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңіндегі кірісті түзету сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдердің сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерімдердің сомасы,
алу
Кодекстің 346-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде стандартты шегерімдер сомасы.
Салық кодексінің 343-бабының 3-тармағына сәйкес жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары түріндегі салықтық шегерімдерді қоспағанда, салықтық кезеңде салықтық шегерімнің белгілі бір түрін бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы.
ЖТС_АҚС ВОУ = (1 000 000 ЖТ кірісі - 100 000 МЗЖ - 17 000 МӘМСЖ - 14 АЕК (жаңа!, егер осы айда оны басқа ешбір жерде қолданбаса)) * 10%
Салық кодексінің 353-бабының 3-тармағына сәйкес салық агенті төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Осылайша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС есептеу кезінде 14 АЕК мөлшеріндегі стандартты шегерім енді жеке тұлғадан белгіленген нысан бойынша өтініш болған кезде АҚС шарттары бойынша кірістерден қолданылуы мүмкін. Күнтізбелік жыл ішіндегі стандартты шегерімнің жалпы сомасы бірнеше агенттен жеке тұлға алған барлық кірістер бойынша 168 АЕК-тен аспауы тиіс.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін АҚС шарттары бойынша ЖТС есептеу кезінде 882 АЕК мөлшерінде стандартты шегерімдер ғана қолданылды.
2025 жылғы 01 қаңтарға дейін жеке табыс салығы (ЖТС)
ҚР СК 353-бабының 2-тармағына сәйкес мүліктік кірістен басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға АҚС шарттар бойынша тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
мүліктік кірістен басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден ағымдағы салықтық кезеңде алған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістер сомасы,
алу
ҚР СК 341-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы,
алу
МЗЖ, МӘМС-ке арналған жарналар түріндегі салықтық шегерімдердің және ҚР СК 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерімдердің сомасы.
ҚР СК 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 3) тармақшасында стандартты шегерімдер көрсетілген:
2) күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК осы тармақшаны қолдану күніне осындай тұлғаның:
- ҰОС қатысушы, жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адам және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;
- ҰОС соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
- I, II немесе III топтағы мүгедектігі бар адам;
- мүгедек бала болуы негізінде.
Егер жеке тұлғаның ҚР СК 346-бабының 2) тармақшасын қолдану үшін бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау ҚР СК 346-бабының 2) тармақшасында белгіленген кіріс шегінен аспауы тиіс;
3) күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК осы тармақшаны қолдану күніне осындай тұлғаның:
- он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедектігі бар бала үшін – мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
- өмір бойына әрбір осындай адам үшін – "бала кезінен мүгедектігі бар адам" деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
- асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала асырап алушылардың бірі;
- жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі болуы негізінде.
Осы ҚР СК 346-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының ережелері:
- қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдарымен еңбек қатынастарында болуына байланысты;
- ҚР неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыптылықта болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды.
Жеке тұлғаның АҚС шарттары бойынша салық салынатын кірісін айқындау кезінде:
- 14 АЕК стандартты шегерім;
- медицинаға арналған салықтық шегерім;
- сыйақылар бойынша салықтық шегерім қолданылмайды.
- МЗЖ және МӘМСЖ шегерімі қолданылады.
ҚР СК 320-бабы 1-тармағының негізінде ҚР резиденттерінің жеке тұлғаларының кірістері бойынша ЖТС мөлшерлемесі 10%-ды құрайды.
ҚР СК 343-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес күнтізбелік жыл ішінде салық агенті ауысқан кезде, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы салық агентінде түзілген, салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы жаңа салық агентінде есепке алынбайды.
ҚР СК 343-бабы 2-тармағының ережелері ҚР СК 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақтарында көзделген стандартты шегерімдерге қолданылмайды, ол бойынша алдыңғы салық агентінде түзілген салықтық шегерімнің асып кетуі ҚР СК-де белгіленген шекте жаңа салық агентінде есепке алынады. Бұл ретте жеке тұлға алдыңғы салық агенті берген жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы береді.
Жеке тұлға МЗЖ түріндегі және МӘМСЖ бойынша салықтық шегерімдерді қоспағанда, салықтық кезеңде салықтық шегерімнің белгілі бір түрін бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы.
ҚР СК 351-бабының 3-тармағына сәйкес салық агенті төленген кірістер бойынша ЖТС аударуды кіріс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін 25 күнтізбелік күннен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)
2023 жылғы 1 шілдеден
кейін
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары (ҚР Әлеуметтік кодексі 249-бабы):
- нысанасы салық агенттерімен, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасында аккредиттелген салық агенттерімен жасалған жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын тұлғалар - міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде зейнетақы жарналары.
Бұл ретте бір агенттен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, мәні салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар - міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде төленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 9-тармағы - міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді:
1) ДК және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2023 жылғы 1 шілдеге
дейін
«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 25-бабының 4-1-тармағына сәйкес мәні жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін БЖЗҚ-на төленуге жататын МЗЖ алынатын кірістің 10%-ы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда қаржы жылына белгіленген 50 ЕТЖ 10%-нан аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Нысанасы автокөлікті, үй-жайды жалға беру болып табылатын АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен МЗЖ ұсталмайды.
«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 24-бабының 2-тармағы негізінде БЖЗҚ-на МЗЖ төлеуден, оның ішінде:
1) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектік мерзімсіз белгіленсе, I және II топтағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу Заңның 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, мәні салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар босатылады.
«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 24-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсталған МЗЖ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын АҚС шарттары бойынша жеке тұлғаларға төленген кірістерден кірістерді төлеу айынан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударылады.
Міндетті медициналық сақтандыруға арналған жарналар (МӘМСЖ):
«Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы» Заңның 14-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы және 4-тармағы негiзiнде: жарна төлеушiлер АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар болып табылады.
АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды салық агенттері осындай жеке тұлғалардың кірістері есебінен жүзеге асырады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 28-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес:
қорға төленуге жататын АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналары жарналарды есептеу объектісінің 2% мөлшерінде белгіленеді.
Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеу объектілері болып табылады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 29-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес:
Заңның 29-бабының 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістер жеке тұлғаның АҚС шарттары бойынша кірістері болып табылады.
Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс жеке тұлғаның барлық кіріс түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және 10 АЕК-тен аспауға тиіс.
10 ЕТЖ-ға тең кіріс сомасынан жарналар төленген кезде осындай жарналарды төлегенін растайтын құжат болған кезде жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді.
Мұндай құжат жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарна төлеуден:
- зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
- мүгедектігі бар адамдар;
- орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар.
- әскери қызметшілер;
- арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
«Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы» Заңның 30 –бабы 6-тармағының 1) тармақшасы негiзiнде ұсталған жарналар кiрiстер төленген айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей аударылады.
Әлеуметтік аударымдар (ӘА) (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚС-тан ӘА төлемі енгізілді)
Әлеуметтік кодекстің 243-бабында белгіленгендей міндетті әлеуметтік сақтандыруға:
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар) жатады;
Осылайша, АҚС шарттары жасалған жеке тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. Нормада әлеуметтік аударымдар төлеу көзделген.
Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін Қорға әлеуметтік аударымдар төлеуді жүзеге асыратын салық агенттері АҚС шарттары бойынша әлеуметтік аударымдарды төлеуші болып табылады. Осылайша, ӘА жеке тұлғаның жалақысынан ұсталмай жұмыс берушінің есебінен төленетін болады.
АҚС шарттары
бойынша алынатын кіріс сомасы АҚС шарттары бойынша әлеуметтік аударымдарды
есептеу объектісі болып табылады (әлеуметтік аударымдар, мысалы МЗЖ төленбейтін кірістерді
қоспағанда).
Бұл ретте кіріске мынадай шектер қолданылады:
- Табыстың ең төменгі ай сайынғы мөлшері - 1 ЕТЖ;
- Табыстың ең жоғары айлық мөлшері - 7 ЕТЖ.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алған жеке тұлғалар үшін салық агенттері әлеуметтік аударымдарды алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Әлеуметтік кодекстің 244-бабына сәйкес мынадай әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі көзделген:
Төлеушілер
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз
пайдасына Қорға төлеуге тиісті
әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу
объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2025 жылғы 01 қаңтардан бастап ретроспективті түзетулер
2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 208-VІIІ ҚРЗ Заңына және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
Осы Заңмен ҚР
қолданыстағы Салық кодексіне 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап түзетулер ретроспективті енгізілді, оларға сәйкес ҚР СК «Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді
көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша
кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім» атты 345-2-бабымен толықтырылды.
Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын
азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша
салықтық шегерім салық агентінде нысанасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік
қорғау туралы заңнамасына сәйкес есептелген, нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар
бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар
сомасына, оларды есептеу күніне сай
келетін салықтық кезеңде қолданылады.
Сондай-ақ осы Заңмен (2025 жылғы 01 қаңтардан бастап) ҚР Салық
кодексінің «Салықтық шегерімдер бойынша жалпы ережелер» атты 342-бабына
сәйкес жеке тұлғаның салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы
бар:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім."