Кету қағазы практикада жиі пайдаланылады, бірақ міндетті құжат болып табылмайды. Құрылымдық бөлімшелер басшыларының тексеру парағындағы қолдары жұмыскердің жұмыс беруші алдындағы міндеттемелерінің және жұмыскерге қандай да бір наразылықтарының жоқтығын куәландырады.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында еңбек шартын бұзу кезінде кету қағазының болуы көзделмейді. Директор қол қойған жағдайда кету қағазы еңбек шартын бұзуға директордың келісімін куәландырады, бұл жұмыскердің еңбек шартын бұзу туралы ескертуін растау ретінде бағалануы мүмкін.

Кету қағазының біріздендірілген нысаны жоқ, құжат еркін нысанда жасалады, Әдетте, кету қағазында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

  • жұмыскердің Т.А.Ә., лауазымының атауы;
  • жұмыс берушінің атауы;
  • еңбек шартын бұзу күні;
  • жұмыскердің міндеттемелері болуы мүмкін құрылымдық бөлімшелердің атаулары;
  • құрылымдық бөлімшелер басшыларының ТАӘ, лауазымдарының атаулары және қолдары;
  • жұмыскердің құрылымдық бөлімшелер алдында берешегінің болмауы/болуы туралы белгі
  • кету қағазын ресімдеу күні.

КЕТУ ҚАҒАЗЫ

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Лауазымның атауы

Жұмыскердің Т.А.Ә

Еңбек шартының тоқтатылған күні

«____» _________ 20 ____ж.



Берешектің болуы немесе болмауы туралы ақпарат:

Құрылымдық бөлімшенің атауы

ТАӘ

Қолтаңба

Күні

1. Бөлімше басшысы

Берешектің болуы: □ бар □ жоқ

2. Бухгалтерия бөлімінің басшысы

Берешектің болуы: □ бар □ жоқ

3. Кадрлар бөлімінің басшысы

Берешектің болуы: □ бар □ жоқ

4. Материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Берешектің болуы: □ бар □ жоқ

Берешектің болуы: □ бар □ жоқ



Жұмыскердің қолы

/_______________/ ________________________

ТАӘ, қолы

«___» _______ 20 ___ж.

* Берешек болған кезде «Берешектің болуы» бағанында берешектің мөлшері және/немесе сипаты көрсетіледі.