Кедендік декларация - тауарлар туралы мәліметтер және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтер қамтылатын кедендік құжат. (ҚР Кедендік реттеу туралы кодексі 3-бабы 1-тармағының 20-тармақшасы)

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 176-бабына сәйкес 1. Кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданылады:

      1) тауарларға арналған декларация;

      2) транзиттік декларация;

      3) жолаушыларға арналған кедендік декларация;

      4) көлік құралына арналған декларация.

2. Комиссия айқындайтын жағдайларда кедендік құн декларациясы толтырылады, онда тауарлардың кедендік құны туралы, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар тауарлармен жасалатын мәміленің шарттары мен мән-жайлары туралы мәліметтер мәлімделеді.

Кедендік құн декларациясы тауарларға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

Кедендік құн декларациясының нысанын, кедендік құн декларациясының электрондық құжат түріндегі және кедендік құн декларациясының электрондық түрінің қағаз жеткізгіштегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.

3. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, тауарларға арналған декларация – тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.

Транзиттік декларация тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде пайдаланылады.

Жолаушыларға арналған кедендік декларация – жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде пайдаланылады.

Көлік құралына арналған декларацияхалықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.

Кедендік декларация беруге байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі

1. Кедендік декларация Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы кеден органына беріледі.

2. Кедендік декларацияны кеден органына беру кезінде:

1) соларға қатысты осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелмей кедендік рәсіммен орналастыруға жолберілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды;

2) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларды;

3) кедендік декларациялау осы Кодекстің 185, 187, 188 және 189-баптарында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын шетелдік тауарларды қоспағанда, тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.

Егер Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны қағаз жеткізгіште беру кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен бірге жүреді.

Кедендік декларацияны беру мерзімі

1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларға қатысты кедендік декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін не осы Кодексте белгіленген өзге мерзімде беріледі.

2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты кедендік декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткенге дейін беріледі.

Жүктің экспорты мен импорты кезінде кедендік декларацияны толтыру тәртібінің қағидалары