Тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем - бұл жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарттық аумақты (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу жөніндегі жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігі 30%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 12 жылғы 2025 қарашадағы № 695 бұйрығымен салық есептілігінің нысандары және оларды 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап ұсыну қағидалары бекітілді. Салық есептілігі нысандарының тізбесінде Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем бойынша декларация (560.00-нысан) жоқ.

Осылайша, 2026 жылға Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем бойынша декларация (560.00-нысан) тапсырылмайды. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем бойынша көрсеткіштер СЕН 590.00 жеке қосымшасына енгізілген.

Төлем төлеушілер

Төлемді кім төлеуші болып табылмайды

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі

Төлеу мерзімдері

Салық декларациясы

Төлем төлеушілер

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқанға дейін келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады. (ҚР СК 767-бабы)

Төлемді кім төлеуші болып табылмайды

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:

  • пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілсе;
  • пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген аумаққа жатпайтын болса, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеуші болып табылмайды.

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі

Келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган есептейді және аталған сома бюджетке:

1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемақысын шегергенде, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшердегі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түрінде;

2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшердегі төлемақы түрінде төленуге жатады.

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі міндеттеме – жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалмаған, бірақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптары бойынша жасалуға тиіс, өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша – жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.

Төлеу мерзімдері

ҚР СК 769-бабына сәйкес тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт аумағында (учаскесінде) өндіруді бастаған кезден және мына күндердің неғұрлым ертерегі басталғаннан бастап төлейді:

  • коммерциялық табуды жариялау;
  • Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өндіру кезеңіне (сатысына) ауысу;
  • пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру;
  • пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты жасасу.

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеу жер қойнауын пайдаланушының тұрған жері бойынша бюджетке мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан аз соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылынан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей төленеді;

2) егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға барабар сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей, құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға барабар сомада, ұзақтығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінен артық емес, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлестермен төлейді.

Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға барабар сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға барабар сомада, ұзақтығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінен артық емес, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.

Салық декларациясы

ҚР СК 770-бабында белгіленгендей, егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы тұрған жеріндегі салық органына декларацияны жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады.

Егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы тұрған жеріндегі салық органына декларацияны тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырады.

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тұрған жеріндегі салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем

Тарихи шығындар - келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен, олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген өткен жиынтық шығындар.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемi тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқанға дейін келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді төлеушілер болып табылады.

2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:
пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілсе;
пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген аумаққа жатпайтын болса, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеуші болып табылмайды.

Тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемдi төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi ҚР Салық кодексінің 734-бабымен регламенттелген.

СЕН 560.00 тарихи шығындарын өтеу бойынша декларацияны жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін тиісті келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалар кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.

Салық декларациясы.
1. Егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын АЕК-тің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы тұрған жеріндегі салық органына декларацияны жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
2. Егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын АЕК-тің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы тұрған жеріндегі салық органына декларацияны тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тапсырады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК-тің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тұрған жеріндегі салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тапсырады.