Салық кодексінің 194-бабы 1-тармағына сәйкес – бөлек салықтық есепке алу - жалпыға бірдей белгіленгенге қарағанда осы Кодекспен өзге салық салу шарттары көзделген, мынадай бөлінетін санаттар

·       қызмет түрі немесе түрлерінің жиынтығы;

·       жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;

·       рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, суландырылған, шағын дебитті және игерілген санаттарға жатқызылған кен орны (кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі);

·       сенімгерлік басқару шарты немесе сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдай;

·       бірлескен қызмет туралы шарт;

·       тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу жөніндегі айналым;

·       кіріс түрі;

·       құрылыс объектісі бойынша жеке салықтардың белгілі бір түрі бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алу болып табылады.

Жалпыға бірдей белгіленген салық салу шарттарына қарағанда өзге салық салу шарттарына салықтың сомасын азайту, салық салудан босату, арнаулы салық режимiн қолдану да жатады.

Салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекспен бөлек салықтық есепке алуды жүргізу жөніндегі талаптар белгіленген бөлінетін санаттар бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді біріктіруге құқылы емес.

ҚР Салық кодексінің 195-бабының 2-тармағына сәйкес бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында салық төлеушінің барлық кірісі мен шығысы:

·       тікелей,

·       жанама,

·       жалпы болып бөлінеді.

Тiкелей кірістер мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар бөлінетін санатқа немесе өзге қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.

Жалпы кірістер мен шығыстар бөлінетін санат пен өзге қызмет арасында бөлуге жатады және себеп-салдарлық байланысы бар сол бөлінетін санат пен өзге қызметтің кірістері мен шығыстарына тиісті үлесте жатады.

Жанама кірістер мен шығыстар бөлінетін санаттар арасында ғана бөлінуге жатады және себеп-салдарлық байланысы бар сол санаттың кірістері мен шығыстарына тиісті үлесте жатады.

ҚР СК 195-бабының 4-тармағына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) әрбір бөлінетін санат пен өзге қызмет үшін жалпы және жанама кірістер мен шығыстарды бөлуді салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдісі негізінде, қызметтің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оның ішінде:

1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңде алған тікелей кірістердің жалпы сомасындағы, әрбір бөлінетін санат пен өзге қызметке келетін тікелей кірістердің үлес салмағы бойынша;

2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңде жұмсаған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы, әрбір бөлінетін санатқа және өзге қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;

3) мына баптардың бірі бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша – салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңде жұмсаған осы бап бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы, әрбір бөлінетін санат пен өзге қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекке ақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша;

4) салық төлеуші (салық агенті) жұмыскерлердің жалпы орташа тізімдік санына бөлінетін санат пен өзге қызмет бойынша қызметке қатысатын жұмыскерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;

5) өзге де әдістерді ескере отырып, өзі дербес жүргізеді.