Жұмыскердің жыл сайынғы демалыс мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің өтініші бойынша жұмысқа мерзімінен бұрын шығуы демалыстан кері шақыртып алу болып табылады.

Демалыс

Демалыс түрлері

Еңбек демалысының ұзақтығы

Еңбек демалысынан кері шақыртып алу

Демалыс

Демалысжұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату.

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (бұдан әрі – демалыс) жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.

Осылайша, жұмыскерге еңбек демалысы:

  • тынығу;
  • еңбек ету қабілетін қалпына келтіру;
  • денсаулықты және оның өзге де жеке қажеттіліктерін нығайту үшін беріледі.

Жұмыскердің жыл сайынғы демалыс мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің өтініші бойынша жұмысқа мерзімінен бұрын шығуы демалыстан кері шақыртып алу болып табылады.

Демалыс түрлері

ҚР-да жұмыскерлерге демалыстың мынадай түрлері беріледі:   

1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;
2) әлеуметтік демалыстар.

Жұмыскердің: тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші өз кезегінде жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге міндетті. ҚР ЕК 22, 23-баптары.

Еңбек демалысының ұзақтығы

ҚР ЕК 88-бабына сәйкес егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

ҚР ЕК 92-бабы негізінде Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс.

Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Еңбек демалысынан кері шақыртып алу

Демалыстан шақыртып алудың бастамашысы жұмыс беруші болған кезде де жұмыскердің жазбаша нысанда білдірілген келісімі (өтініш) қажет. Жұмыскердің жұмысқа мерзімінен бұрын шығудан бас тартуға құқығы бар. Бұл жағдайда оны тәртіптік жауапкершілікке тартуға болмайды.

Кодекстің 95-бабына сәйкес жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.

Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.

Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Бұл ретте, егер жұмыскер кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін орташа жалақы алмаса, өтемақы төлемі жүргізіледі.

Яғни, егер жұмыскер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының күндері үшін өзінде сақталатын орташа жалақыны алса, жұмыскер жұмыс берушіге демалыстың пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін орташа жалақысын қайтарып береді, ал жұмыс беруші демалыстың пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы төлемін төлейді немесе демалыстың пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында орташа жалақысын сақтай отырып, кез келген уақытта береді.

Осылайша, еңбек демалысының бір күндері үшін орташа жалақыны екі рет төлеу жүргізілмейді.

Бұдан басқа, «босатылмаған» демалыс күндері табельденеді және жұмыскерге оның нақты жұмыс істеген уақыты үшін жалақы төленеді (
Кодекстің 103-бабы).

Сонымен қатар, Кодекстің
115-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыскерді хабардар ете отырып Кодекстің 95-бабының 3-тармағын қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыстыру немесе жұмыскерді одан кері шақыртып алу жағдайларында жұмыс беруші актісінің негізінде жүргізілуі мүмкін.

Бұл норма жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін төленген өтемақы ұстап қалуға жатпайтынын көздейді.