Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) - бұл автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және мұндай құжаттар туралы ресімделген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға және тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

Жүйені ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуды регламенттейтін заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жүйе бағдарламалық интерфейстерді (API) пайдалана отырып, функцияларға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жолымен мемлекеттік емес жүйелермен өзара іс-қимыл жасайды.

Мемлекеттік емес жүйелермен деректер алмасудың құрылымы мен форматы Жүйенің жалпыға қолжетімді сегментінде жарияланады және қажеттілігіне қарай өзектендіруге жатады.

Жүйе GOV.KZ домендік аймағында тіркеледі.

Веб-порталда барлық электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жіберу уақыты Жүйенің уақыты бойынша (Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша) тіркеледі.

Жүйеде жұмыс істеу және (немесе) тасымалдау процесіне қатысу үшін Жүйені пайдаланушылар мынадай іс-қимылдар жасайды:

1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады.

Аппараттық құралдар – электр және электрондық элементтерді (мысалы, аспаптар мен схемалар), электр механикалық элементтерді (мысалы, дискілер) және механикалық элементтерді (мысалы, тіреу) қамтитын есептеу жүйесінің материалдық бөлігі.

Бағдарламалық қамтамасыз ету – осы бағдарламаларды пайдалану үшін қажетті компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық құжаттардың жиынтығы;

2) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығынан не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтарынан электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілтті) алады;

3) Жүйеде тіркеу рәсімдерінен өтеді.

Жүйеде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтары жеке және заңды тұлғалар үшін шығарған, Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы тексерген электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады.

Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.

Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесі

 р/с

Құжаттың атауы

Көлік құжатының санаты

1

Тауар-көлік жүкқұжаты

N3 санаты

2

Жол парағы

N3, М2, М3 санаты

2025 жылдан бастап КҚББЖ-да ТКЖ, жол парағын тіркеусіз айыппұлдар: ӘҚБтК-ге өзгерістер