Төлем белгілеу коды - төлем мақсатының үш мәнді цифрлық кодтық белгісі.

 

Төлем белгілеу кодтары қайда пайдаланылады

Төлем белгілеу кодтары қайда қолданылады

Төлемдерді кодтау жүйесі

Төлем белгілеу кодтарына енгізілген өзгерістер

 

Төлем белгілеу кодтары қайда пайдаланылады

Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес:

Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану тәртібі төлем құжаттарында, қолма-қол ақшаны қабылдау және беруге арналған кассалық құжаттарда, электрондық терминал арқылы қолма-қол ақшаны енгізу арқылы банк шотын ашпай, төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асырған кезде ақша жөнелтішуге берілетін чектерде, банкоматтар не өзге де электрондық терминалдар арқылы салық немесе бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді жүргізген кезде төлем карточкаларын ұстаушыларға берілетін сауда чектерінде (бұдан әрі – төлем құжаттары) пайдаланылады.

 

Төлем белгілеу кодтары қайда қолданылады

Қағидаларда белгіленген экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану тәртібі:

1) төлем құжаттарын қағаз тасымалдағышта ресімдеген кезде және төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттармен алмасу кезінде;

2) Қазақстан Республикасының аумағында бастама жасалған, ел ішінде жүргізілетін, шет елге жөнелтілетін банк ішіндегі және банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде қолданылады.

Шет елден келіп түсетін төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша төлем құжаттарында қойылған экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтары болмаған кезде Қазақстан Республикасының резиденті-банк банктің ақпараттық жүйелерінде төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша алынған құжаттар негізінде экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын өздігінен қойып шығады.

Кіріс төлемі және (немесе) ақша аударымы бойынша жеке тұлғалар арасында мезеттік төлемдер жүйесі бойынша бенефициар банкі бенефициар бойынша мәліметтер негізінде бенефициар экономикасы секторларының кодтарын қояды.

Ақша жөнелтушінің банкі төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мезеттік төлемдер жүйесі арқылы жеке тұлғалар арасында мезеттік төлемдер жүйесі үшін көзделген төлем мақсатының кодын қояды.

 

Төлемдерді кодтау жүйесі

Төлемдердің кодын қою жүйесі төлемдер және (немесе) ақша аударымдары ағынының айқындылығын және талдауын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Төлемдердің кодын қою цифрлық және әріптік символдар арқылы жүзеге асырылады.

Төлемдердің кодын қою жүйесі мынадай:

I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X, мұндағы:

  • I - ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі;
  • II - ақша жөнелтушінің экономика секторы;
  • III - бенефициардың резиденттік белгісі;
  • IV - бенефициар экономикасының секторы;
  • V, VI, VII - валюта коды;
  • VIII - операция түрі;
  • IX - төлем сипаты;
  • Х - төлемді нақтылау.

I және II символдар арқылы ақша жөнелтушінің коды жасалады (АЖК).

III және IV символдар арқылы бенефициардың коды (БеК) жасалады.

VIII, IX, X символдары арқылы төлем белгілеу коды жасалады.

Резиденттік белгісі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес айқындалады және мынадай тәртіппен қойылады:

«1» - резидент;

«2» - бейрезидент.

"3" - "Астана" халықаралық қаржы орталығының резиденті-қатысушысы"; (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі  6-тармақ ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2022 ж. № 74 қаулысымен көзделген).

Экономика секторы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экономика секторларының кодтарына сәйкес көрсетіледі.

Төлем белгілеу коды Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесіне сәйкес көрсетіледі.

Төлем құжаттарында ақша жөнелтушінің коды, бенефициардың коды, төлем белгілеу коды, валюта коды арнайы бөлінген жолдарда қойылады.

Ақша жөнелтуші төлем құжатының "Төлемді тағайындау"/"Төлемнің атауы" бағандарында ол бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын нақты операциясының мазмұнын көрсетеді, тиісті құжат негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылған жағдайда оның деректемелері көрсетіледі.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу кезінде ақша жөнелтуші төлем құжатының "Төлемді тағайындау" бағанында егер оның төлем валютасынан айырмашылығы болса, бағалы қағаздар шығарылған валютаны да көрсетеді.

Операция түрiнiң тақырыбы немесе төлем сипаты болып табылатын төлем белгілеу коды, егер оның одан әрі жан-жақты көрсетiлуі болса, онда қоюға жол берілмейді.

 

Төлем белгілеу кодтарына енгізілген өзгерістер

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Төлем белгілеу кодтары (ТБК) өзгерді

«Экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдер тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 27 тамыздағы № 74 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер криптовалютаны сатып алу мен сатуға қатысты болды, 2 ТБК коды қосылды:

  • 371 Цифрлық активтерді сатып алу, оның ішінде цифрлық активтер биржасының банктік шотына ақша аудару;
  • 372 Цифрлық активтерді сату, оның ішінде клиенттің меншікті банктік шотына ақша аудару.

2023 жылғы 17 сәуірден бастап:

«185

Бірыңғай төлем

186

Қате аударылған (есептелген) бірыңғай төлем сомаларын қайтару

187

Бірыңғай төлемді уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

188

Қате аударылған (есептелген) бірыңғай төлем сомаларының өсімпұлын қайтару»;

2023 жылғы ТБК (төлем белгілеу кодтары)