Монетарлық баптар - валюталық бірліктердің тіркелген немесе айқындалатын санымен көрсетілген қолда бар валюта бірліктері, сондай-ақ алу немесе төлеу активтері мен міндеттемелері.

ХҚЕС (IAS) 21 «Валюта бағамдарының өзгеруiнiң әсерi» сәйкес - Валюталық бiрлiктердiң тiркелген немесе айқындалатын санын алу құқығы (немесе беру мiндетi) монетарлық баптың ажырамас сипаттамасы болып табылады.

Мысалдар мыналар болып табылады: жұмыскерлерге ақшалай қаражат түрінде төленуге жататын зейнетақылар мен басқа да сыйақылар, ақшалай қаражатпен өтелуге жататын бағалау міндеттемелері, сондай-ақ ақшалай қаражат түрінде төленуге жататын және міндеттеме ретінде танылған дивидендтер.

Осыған ұқсас монетарлық бап ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын немесе алынуы (немесе ұсынылуы) тиіс әділ құны валюта бірліктерінің тіркелген немесе айқындалатын санына тең болатын активтердің ауыспалы санын алу (немесе ұсыну) туралы шарт болып табылады.

Бұл ретте валюталық бірліктердің тіркелген немесе өлшенетін санын алу құқығының (немесе беру міндетінің) болмауы монетарлық емес баптың ажырамас сипаттамасы болып табылады. Мысалдар мыналар болып табылады: тауарлар мен қызметтер үшін аванстық төлемдердің сомалары (мысалы, жалдау бойынша алдын ала төлем), гудвилл, материалдық емес активтер, қорлар, негізгі құралдар және бағалау міндеттемелері, олар бойынша есеп айырысу ұсыну жолымен жүргізілуі тиіс монетарлық емес актив.