-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- С
- салық есептілігі нысандары
Салық есептілігі - салық төлеуші (салық агенті), салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді қамтитын Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес табыс етілетін салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты.
Салық есептілігі салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті, жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Салық есептілігінің негізгі нысандары:
СЕН 100.00 - Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация
СЕН 200.00 - Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
СЕН 300.00 - Қосылған құн салығы бойынша декларация
СЕН 700.00 - Көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация
СЕН 870.00 - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация
СЕН 910.00 - Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация және басқалар
ҚР Салық кодексiнiң 207-бабы негiзiнде салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi (салық агенті) салықтық есептілікті әрбір қызмет түрi бойынша бөлек жасайды.
Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауысқан жағдайда, көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:
арнаулы салық режимін;
жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолданған кезең үшін салықтық есептілік жеке жасалады.
Салықтық өтініштер, салықтық есептілік осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық органдарына ұсынылады.
Егер салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті орган өздері үшін салықтық есептіліктің әртүрлі нысандарын белгілеген санаттарға жататын болса, онда мұндай жағдайда, салықтық есептілік салық төлеуші (салық агенті) жатқызылатын әрбір санат үшін көзделген нысандар бойынша ұсынылады.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық өтініш пен салықтық есептілік тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
1) келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті қоспағанда);
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз жеткізгіште;
3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынылады.
Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілік келу тәртібімен ұсынылады.
Салықтық өтініш және (немесе) салықтық есептілік келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, екі дана етіп ұсынылады, бір данасы салық органының белгісі қойылып салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
Салық салу объектілері болмаған кезде:
· мүлік салығы;
· жер салығы;
· көлік құралдары салығы;
· экспортқа рента салығы;
· қол қойылған бонус;
· тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;
· бюджетке төленетін төлемдер.
· бейрезидент кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық есептілік ұсынылмайды.
Салықтық есептілікті кері қайтарып алу
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті кері қайтарып алу үшін салық органына:
1) өзі тiркеу есебiне қойылған жер бойынша салықтық өтiнiштi ұсынады.
Салық органының коды дұрыс көрсетілмеген салықтық есептiлiкті өзгерту әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық өтiнiш осындай есептілікті ұсыну орны бойынша ұсынылады;
2) осы Кодекстің 208-бабы 2-тармағының шарттарын бұза отырып ұсынылған салықтық есептілікті жою әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынады.
Салықтық есептілік көрсетілген салықтық кезеңге ұсынылған салықтық есептіліктің барлық қосымша нысандары ескеріле отырып, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесiнен салық органының керi қайтарып алуына жатады.
Салықтық есептілікті керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен жүргізіледі:
1) жою әдiсiмен, бұл ретте керi қайтарылатын салықтық есептілік салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан жойылады;
2) өзгерту әдiсiмен, бұл ретте бұрын ұсынылған салықтық есептілікке салық төлеушi (салық агентi) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiледі.
Жою әдісімен мынадай:
1) салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салықтық есептілігін;
2) осы Кодекстің 208-бабы 2-тармағының және 211-бабы 5-тармағының шарттарын бұза отырып ұсынылған;
3) осындай салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме болмаған кезде ұсынылған;
4) осы Кодекстің 209-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылмады деп есептелетін;
5) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша салықтық есептілікті қоспағанда, талап қоюдың ескіру мерзімі өткеннен кейін ұсынылған салықтық есептілікті кері қайтарып алу жүргізіледі.
Жою әдісімен салықтық есептілікті кері қайтарып алу кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында тіркеу есебіне қойылған жері бойынша салық органы кері қайтарып алынатын салықтық есептілік бойынша салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген (азайтылған) сомаларына түзетпе жасауды жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш ұсынылмаған жағдайда, салық органы ұсынбау фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама орындалмаған кезде салық органы салықтық есептілікті кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есептілікті кері қайтарып алуға салық органының шешімі негізінде жүргізіледі.
Өзгерту әдiсiмен мынадай салықтық есептілікті:
1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
3) резиденттік мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
4) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;
5) салықтық кезең дұрыс көрсетілмеген;
6) салықтық есептіліктің түрі дұрыс көрсетілмеген;
7) салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салықтық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.
Өзгерту әдiсiмен салықтық есептілікті кері қайтарып алу кезiнде салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында тiркеу есебiне қойылған жері бойынша салық органы мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, салықтық есептілік бойынша деректерді жеке шотта кейіннен көрсетіп, кері қайтарылатын салықтық есептілікте көрсетілген сомаларға түзетпе жасауды жүзеге асырады.
Мынадай:
1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдер мен әлеуметтiк төлемдердiң түрлерi бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде – тексерiлетiн салықтық кезеңнің;
2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салықтық кезеңнің;
3) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша ұсынылған салықтық есептілікті керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы салықтық есептілік – салық төлеушіні (салық агентін) тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің белгілі бір түрі бойынша салықтық міндеттеме, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет алғаш туындаған салықтық кезең үшін ұсынылатын салықтық есептілік;
2) кезекті салықтық есептілік – бастапқы салықтық есептілік ұсынылғаннан кейін келесі салық кезеңдеріне ұсынылатын салықтық есептілік;
3) қосымша салықтық есептілік – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар қатысты болатын салықтық кезең үшін бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ұсынылатын салықтық есептілік;
4) хабарлама бойынша қосымша салықтық есептілік – салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салықтық кезең үшін бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде ұсынылатын салықтық есептілік;
5) таратудың салықтық есептілігі – салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтатқан, таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде ұсынылатын салықтық есептілік.