ОЖЭА - Орындалған жұмыстардың электрондық актісі. Атқарылған жұмыстар мен қызметтер туралы есеп беруге қажетті құжат.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес бухгалтерлік құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті және есеп саясатын қамтиды.

Бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.


Бухгалтерлік есеп туралы заңның
1-бабының 2) тармақшасына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттары - негізінде бухгалтерлік есеп жүргізілетін операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісінің және оны жасау құқығының қағаз және электрондық жеткізгіштегі құжаттық куәлігі.

Бухгалтерлік есеп туралы заңның
7-бабының 2-тармағына сәйкес операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары мен оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді.

Бұл ретте бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары (
Орындалған жұмыстар актісі (Ж-1 нысаны) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы
заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, электрондық цифрлық қолтаңбаны қамтитын орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің электрондық актісі (бұдан әрі - ОЖЭА) оның негізінде бухгалтерлік есеп жүргізілетін операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісін және оны жасау құқығын растайтын бастапқы құжат болып табылады.

Бұдан басқа,
2018 жылғы сәуірден бастап ЭШФ ақпараттық жүйесінде ОЖЭА жазып беру мүмкіндігі іске асырылды, бұл ретте ЭШФ-дан айырмашылығы, ОЖЭА жазып беру ерікті негізде жүргізіледі.

Электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертiлуiн немесе тоқтатылуын көздейтiн электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн реттеу «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы заң) реттеу мәні болып табылады.

Бұл ретте ЭЦҚ туралы Заңның
7-бабының 1-тармағына сәйкес осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатқа тең.

Электрондық құжат айналымы сервисі Учёт.ЭДО