Арнаулы салық режимі - салық төлеуші Салық Кодексінде белгіленген шарттарды сақтаған кезде салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен өзгеше, жекелеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі; (ҚР Салық кодексінің 6-бабы)


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлшек салық АСР


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде арнаулы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнайы салық режимін қолдану көзделген:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі;
  • Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай арнайы салық режимдері жойылды:

  • бөлшек салық АСР;
  • патент негізінде АСР;
  • мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР;
  • тіркелген шегерімді пайдалана отырып АСР;

Салық кодексінің 715-бабында режимдер бойынша барлық жалпы талаптар бір кестеге жинақталған:

Арнаулы салық режимдерінің түрлері

Субъектілер

Шекті кіріс мөлшері (қаржы жылының 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш)

Мөлшерлеме, кіріс %-ы

Қызмет түрлері/жер учаскесінің болуы

А

1

2

3

4

5

1

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі

жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары,

айына 300

жеке табыс салығы - 0
әлеуметтік төлемдер - 4 *

арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

2

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі

дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары

 бір жылда 600 000

4% мөлшеріндегі (жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету/арттыру құқығымен) жеке табыс салығы/ корпоративтік табыс салығы

және белгіленген мөлшерлердегі әлеуметтік төлемдер*

арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі

3

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі

 шаруа немесе фермер қожалықтары

-

жеке табыс салығы – 0,5

Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген шекті алаңдарда жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде

* Әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды мынадай салық салу режимдерінде:

  • оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде;
  • жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі бөлшек салық АСР

Арнаулы салық режимiсалықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін олар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың ерекше тәртібі. (ҚР Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 2-тармақшасы)

Бөлшек салық – бұл ҚР Салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес келетін бизнес субъектілері үшін салық салудың неғұрлым жұмсақ шарттарын көздейтін арнайы салық режимі.

2023 жылғы 20 наурызда Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оған сәйкес Кодекс Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі атты 77-2-тараумен толықтырылды, ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кері күнмен енгізілді.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

·        салықтық кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды;

·        күнтізбелік жылдағы кірісі 600 000 АЕК-тен аспайды;

·        осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметтің бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асыратын.;

  • ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын.

Бөлшек салық мөлшерлемесі:

  • 4% - ҚР-да және одан тысқары жерлерде салық кезеңінде жеке тұлғаларға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша;
  • 8% - заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістер бойынша.

ҚҚС төлеушілер үшін хабарлама берілген күннен бастап режимге көшу көзделген, ол ҚҚС төлеуші ретінде есептен шығару туралы өтінішпен бір мезгілде беріледі.

Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, КТС және ЖТС бойынша салық мөлшерлемелері:

  • Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша 4%. Бұл ретте жергілікті өкілді органдар бөлшек салық мөлшерлемесінің мөлшерін 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқылы;
  • кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістер бойынша 8%, мұндай шығыстарға шегерімдер сомасын құжаттамалық растау қажет болған жағдайда (электрондық шот-фактураның үзіндісімен немесе сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып чекті берумен). Осы мөлшерлеменің мөлшері төмендетуге жатпайды.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара төмендетуге тыйым салынады.

Мөлшерлеменің мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушi мөлшерлемелер бойынша салық салынатын кiрiстер бойынша бөлек салық есебiн жүргiзуге тиiс.

Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде алынған (алынуға жататын), жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық кезеңі үшін жиынтықпен айқындалатын табыс бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады:

  • заңды тұлға – осы Кодекстің 225-240-баптарына сәйкес;
  • дара кәсіпкер - ҚР СК 226-240-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ҚР СК 225-бабында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық табысты айқындау тәртібіне ұқсас.

Бұл ретте, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу кезінде бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осындай салық төлеуші-жұмыс берушінің оның қызметкерлерінің табыстары бойынша шығыстарының сомасына азайтылуға жатады.

Күнтізбелік тоқсан бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі болып табылады.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар (СЕН 913.00) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.

Жаңа 913.00-нысан

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 783 бұйрығымен «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер 2023 жылдан бастап СЕН 913 бойынша салық есептілігі бөлігінде бөлшек салық бойынша ретроспективті өзгерістерге қатысты.

Жаңа нысан және оны толтыру Қағидалары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Нысан 913.01-қосымшамен толықтырылды, ал бөлшек салық бойынша декларацияны толтыру ережелері «913.01-нысанын толтыру бойынша түсіндірме –Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер бойынша салық міндеттемелерін есептеу» 3-тараумен толықтырылды.