Жосықсыз өнім беруші - біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дәйексіз ақпарат берген әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші.

Тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы қатынастар Мемлекеттік сатып алу туралы заңда белгіленеді.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттың талаптарын бұзған не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында және «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында жазылған қандай да бір бұзушылықтарға жол берген компаниялардың тізімі жосықсыз өнім берушілердің тізіліміне енгізіледі.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру негіздері Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12-бабында белгіленген.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі
:

1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің;

Бұл жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырыс беруші бұзушылық фактісі туралы өздеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге міндетті.

2) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;

Әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы уәкілетті органның шешімі негізінде қалыптастырылады.

3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Бұл жағдайда тапсырыс беруші өзіне бұзушылық фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, жиынтығында мынадай шарттарды қанағаттандыратын жағдайларды қоспағанда, мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге міндетті:

1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі;

2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;

3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы.

Тізілімді қалыптастыру тәртібі:

Өлшемшарт

Тізілімде болу мерзімі

Мәліметтерді алып тастау мерзімі

1) орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы дәйексіз ақпарат бергені анықталған, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған өнім берушілер, оның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалған конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген;

оларды мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде

Көрсетілген тізілімнен мәліметтер мерзім аяқталған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы не апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер уәкілетті орган тиісті сот куәландырған сот актісінің көшірмесін алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сұрау салуы бойынша алып тасталады.

3) мемлекеттік сатып алу туралы олармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер

2) орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы дәйексіз ақпарат бергені анықталған, тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған өнім берушілер, оның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалған конкурс (аукцион) жеңімпазы болуға мүмкіндік берген;

уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап 24 ай ішінде

Тапсырыс беруші уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты болады.

Уәкілетті орган тапсырыс беруші ұсынған мәліметтерді қарау кезінде оның толықтығын және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.

Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдана алады.

Тізілімге енгізу тәртібі:

Сот тәртібі

Соттан тыс тәртіп

Негіздемелер

Біліктілік талаптарына және КҚ (АҚ) сәйкес келмейді

Міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған

Шарт жасасудан жалтарған (жеңімпаз және 2-орын алған)

Тапсырыс берушінің әрекеттері

бұзушылық фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей сотқа жүгінеді

бас тартқан күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде мәліметтерді уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады

Тапсырыс берушінің әрекеттері

сот шешімін алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жібереді

Уәкілетті орган

тапсырыс беруші ұсынған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде деректерді тізілімге енгізеді

деректерді тізілімге енгізеді

Орналасқан мерзімі

оларды мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде

уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап 24 ай ішінде

Мынадай жағдайларда айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмейді:

- табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтерін сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен қоса электр энергиясын сатып алу-сату;

- монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысы болған кезде тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы.

Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысының болуы жөніндегі талап ұлттық қауіпсіздік органдарының, сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды;

- ҚР заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді алып тастауға мыналар негіз болып табылады:

1) белгіленген мерзімдердің өтуі;

2) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы.

3) келісу комиссиясының әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау туралы жолданымын қарау қорытындылары бойынша қабылдаған уәкілетті органның шешімі.