Құн өсімінен түсетін кіріс:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;
3) амортизацияға жатпайтын активтердің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы кезінде құралады.

2. Амортизацияға жатпайтын активтерге:

1) жер учаскелері;

2) аяқталмаған құрылыс объектілері;

3) орнатылмаған жабдық;

4) кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер, оның ішінде сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер;

5) осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

6) бағалы қағаздар;

7) қатысу үлесі;

8) инвестициялық алтын;

9) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

10) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер;

11) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік жатады.

Құн өсімінен түсетін кіріс:

1) амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде – осындай активті өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салықтық кезеңде – осындай активті жарғылық капиталға салым ретінде беру;
3) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған салықтық кезеңде – амортизацияға жатпайтын активтің бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы;
4) бөлу балансы бекітілген салықтық кезеңде – амортизацияға жатпайтын активтің бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы кезінде танылады.