Әкімшілік шығыстар – бұл компанияны басқаруға немесе қандай да бір ортақ міндеттерге байланысты туындайтын міндетті шығыстар.

Әдетте, жалпы әкімшілік шығыстарға:

- жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу;

- белгіленген нормалар бойынша әкімшілік персоналдың және қызмет көрсететін шаруашылықтарда жұмыс істейтін персоналдың еңбегіне ақы төлеуден аударымдар;

- қызметтік жеңіл автокөлікті ұстауға арналған шығыстар және қызметтік сапарлар үшін жеке жеңіл автомобильдерді пайдаланғаны үшін өтемақылар;

- банк қызметтеріне ақы төлеу;

- лимит шегінде іссапарларға арналған шығыстар;

- нормалар шегіндегі өкілдік шығыстар;

- кадрларды оқытуға арналған шығыстар, жұмыскерлерді жұмыстан шығару кезіндегі өтемақылар, комиссиялық шығыстар;

- негізгі құралдарды жалдау бойынша шығыстар;

- мүлік, жылжымайтын мүлік салықтары, алымдары және аударымдары;

- қоймалардағы тауар-материалдық қорлардың жоғалуы, бүлінуі және жетіспеуі (табиғи кему нормалары шегінде) және басқа да өндірістік емес шығыстар мен шығындар;

- коммуналдық қызметтерге, қызметкерлердің еңбегін қорғауға арналған шығыстар, күзетке, өртке қарсы күзетке арналған шығыстар және басқа да шығыстар;

- еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы сыйақылар;

- консультациялық, аудиторлық және ақпараттық қызметтерге ақы төлеу;

- жұмыскерлердің жұмыс орнына арнайы көлікпен, ведомстволық көлікпен жол жүру ақысын төлеу;

- жұмыскерлерге олардың қайта ұйымдастырылуына, саны мен штаттарының қысқаруына байланысты төлемдер;

- сот шығындары;

- шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін тағайындалған немесе танылған айыппұлдар, өсімдер, тұрақсыздық айыптары және санкциялардың басқа да түрлері.

Шоттардың үлгілік жоспарына сәйкес Әкімшілік шығыстар 7 «Шығыстар» бөлімінің кіші бөліміне кіреді:

7200 - «Әкімшілік шығыстар» және 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті бойынша есепке алынады.