ҚҚС бойынша декларация СЕН 300.00. Декларация декларацияның өзінен (300.00-нысан), салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден 300.08-ге дейінгі нысандар) тұрады.

ҚҚС (қосылған құн салығы) - бұл тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және айналымы процесінде қосылған өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігінің бюджетке аударымдары, сондай-ақ ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде аударымдар.

Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді өткізу бойынша есептелген ҚҚС мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бойынша төленген салық арасындағы айырма ретінде есептеледі. 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша декларация

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС бойынша декларация 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша декларация

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ҚҚС-қа қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап одан асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым. (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою мерзімі айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер айналымы ҚҚС бойынша шекті шектен асатын мәміле жоспарланып отырса, онда салық төлеуші айналым жасалғанға дейін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруі тиіс. (ҚР СК 101-бабы)

Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).

ҚҚС бойынша декларация (СЕН 300.00) есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен ерте емес және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.

Негіздеме - ҚР Салық кодексінің 505-бабы.

МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-де тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.

ҚҚС бойынша декларация (СЕН 300.00) нысанынан «ҚҚС төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты» қосымшасы алып тасталды.

ҚҚС бойынша декларацияға қосымшалардың тізбесі

Салықтық кезең және салық декларациясы

Төлеу мерзімі

ҚҚС бойынша декларацияға қосымшалардың тізбесі

ҚҚС бойынша декларация СЕН 300.00 декларацияның өзінен (300.00-нысан), салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден 300.08-ге дейінгі нысандар) тұрады.

  • 300.01-қосымша - Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым

Осы нысан нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатын айналымдар туралы, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомалары туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Ұсынылған қосымшалар» жолында «01» торкөзі белгіленген болса, 300.01-қосымша толтырылуы тиіс.

  • 300.02-қосымша - Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар


Бұл нысан Салық кодексінің 48 және 52-тарауларына сәйкес ҚҚС-нан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу және импорт бойынша айналымдарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Ұсынылған қосымшалар» жолында «02» торкөзі белгіленген болса, 300.02-қосымша толтырылуы тиіс.

  • 300.03-қосымша - Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты

Бұл нысан Салық кодексінің 508 және 509-баптарында көзделген есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төленетін салық кезеңі ішінде жүзеге асырылған тауарлар импорты (оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден) бойынша ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Ұсынылған қосымшалар» жолында «03» торкөзі белгіленген болса, 300.03-қосымша толтырылуы тиіс.

  • 300.04-қосымша - Бейрезиденттен сатып алынған жұмыстар, қызметтер

Осы нысан бейрезидент үшін ҚҚС көрсетуге арналған.

  • 300.05-қосымша - Салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін, сондай-ақ есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету

Осы нысан салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін және есепті салық кезеңінде жүргізілген ҚҚС сомасын түзетуді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. Салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін және ҚҚС сомасын түзету Салық кодексінің 464 және 465-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Сондай-ақ осы нысанда Салық кодексінің 484 және 485-баптарына сәйкес жүргізілген есепке жатқызылған ҚҚС сомасын түзету бойынша мәліметтер көрсетіледі.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Ұсынылған қосымшалар» жолында «05» торкөзі белгіленген болса, 300.05-қосымша толтырылуы тиіс.

Егер салық салынатын айналым мөлшеріне түзету жүргізілетін жағдайлардың басталғанын растайтын өзге құжатта ҚҚС сомасы көрсетілмесе, онда осы сома салық салынатын айналым мөлшерін түзету сомасына салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалады.

  • 300.06-нысан - Есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі

Осы нысан қағаз тасығышта өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша жазып берілген шот-фактуралар туралы мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште жазып берсе, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде (бұдан әрі - Өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілім) қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі. Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек қана электрондық нысанда жазып берсе, онда Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілім салық органдарына ұсынылмайды.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Ұсынылған қосымшалар» жолында «06» торкөзі белгіленген болса, 300.06-қосымша толтырылуы тиіс.

Бұл нысанда сату бойынша айналым жасау күні есепті салық кезеңіне келетін шот-фактуралар көрсетіледі.

  • 300.07-қосымша - Есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттардың) тізілімі

300.07-нысан Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қағаз тасығышта алынған шот-фактуралар (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттар) туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.

Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште алса, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде (бұдан әрі - Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілім) қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі. Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек қана электрондық нысанда алса, онда Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілім салық органдарына ұсынылмайды.

  • 300.08-қосымша - Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының сомалары бойынша мәліметтер

Осы нысан Салық кодексінің 92, 125, 126, 127, 128 және 129, 510-баптарына сәйкес қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомалары бойынша мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Ұсынылған қосымшалар» жолында «08» торкөзі белгіленген болса, 300.08-қосымша толтырылуы тиіс.

Егер «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 4-жолда «бастапқы», «тарату», «қосымша», «хабарлама бойынша» декларацияның түрі белгіленген болса, осы нысан толтырылмайды.

Салықтық кезең және салық декларациясы

Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (СЕН 300.00) тоқсанына бір рет орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен ерте емес және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті (ҚР СК 505-бабы).

МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-де тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын:

  • ҚР СК 103-бабында көзделген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде.
  • ҚР СК 7-тарауында көзделген тәртіппен тарату кезінде ұсынуға міндетті.

ҚҚС төлеу мерзімі

ҚР СК 506-бабына сәйкес ҚҚС бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:

1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, бейрезидент үшін есептелген ҚҚС сомасы.

 2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;

3) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей –қосылған құн салығын төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген ҚҚС сомасы төленуге жатады.

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

ҚР СК 518-бабының 8-тармағына сәйкес импортталған тауарлар бағасының ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша ҚҚС шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді. (ҚР СК 530-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС бойынша декларация

СЕН 300.00 - Қосылған құн салығы бойынша декларация.

Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және Салық кодексінің 10-бөліміне сәйкес ҚҚС сомасын есептеуге арналған «Қосылған құн салығы бойынша декларация» (бұдан әрі – ҚҚС) салық есептілігі нысанын жасау тәртібін айқындайды.

ҚҚС бойынша декларацияға (300.00-нысан) қосымшалар

Есептілік

Тапсыру мерзімдері

Экспорт кезіндегі құжаттар тізбесі

Импорт кезіндегі құжаттар тізбесі

ҚҚС бойынша декларацияға (300.00-нысан) қосымшалар

Декларация декларацияның өзінен (300.00-нысан), салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден 300.09-ға дейінгі нысандар) тұрады.

300.01-нысандағы қосымша - Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым. Осы нысан нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатын айналымдар туралы, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомалары туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
300.02-нысандағы қосымша - Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар және қосылған құн салығынан босатылған импорт. Бұл нысан ҚҚС-тан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу және импорт бойынша айналымдарды көрсетуге арналған.
300.03-нысандағы қосымша - Қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты. Бұл нысан тауарлар импорты жүзеге асырылған және төлеу мерзімі өзгертілген салық кезеңі үшін декларация жасау кезіндегідей толтырылады.
300.04-нысандағы қосымша - Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты. Бұл нысан ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін салық кезеңі ішінде жүзеге асырылған тауарлар импорты (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден) бойынша ақпаратты көрсетуге арналған.
300.05-нысандағы қосымша - Бейрезиденттен сатып алынған жұмыстар, қызметтер. Осы нысан бейрезидент үшін ҚҚС көрсетуге арналған.
300.06-нысандағы қосымша - Салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін, сондай-ақ есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету. Осы нысан салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін және есепті салық кезеңінде жүргізілген ҚҚС сомасын түзетуді көрсетуге арналған. 300.07 нысандағы қосымша - Есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі. Осы нысан қағаз тасығышта өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша жазып берілген шот-фактуралар туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.
300.08-нысандағы қосымша - Есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттардың) тізілімі.
Осы нысан Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қағаз тасығышта алынған шот-фактуралар (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттар) туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.
300.09-нысандағы қосымша - Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының сомалары бойынша мәліметтер. Осы нысан қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомалары бойынша мәліметтерді көрсетуге арналған.

Есептілік

300.00-нысанының салықтық кезеңі тоқсан болып табылады.

Салық декларациясын ұсыну мерзімі - есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін.

Тапсыру мерзімдері

300.00-нысандағы тоқсандық есептілікті тапсыру мерзімдері:

  • 15 мамырға дейін (І тоқсанға);
  • 15 тамызға дейін (II тоқсанға);
  • 15 қарашаға дейін (III тоқсан үшін);
  • 15 ақпанға дейін (IV тоқсанға).

Есептілікті тапсыру алдында:

  • барлық шот-фактуралардың болуын тексеру;
  • алынған шот-фактуралардың дұрыс толтырылуын тексеру (атауы, БСН, мекенжайы, алушы, бағасы, айналымы, мөлшерлемесі);
  • 1С бағдарламасында шот-фактураларды көрсетудің дұрыстығын (өнім берушінің атауы, БСН, мөлшерлеме, айналым) тексеру қажет.

Экспорт кезіндегі құжаттар тізбесі

Егер экспорт болса, онда СЕН 300.00 жасау алдында мыналардың болуын тексеру қажет:

  • Сатып алушы жіберген әкелу туралы өтініш (егер ЕАЭО-да болса);
  • «Салық төлеушінің кабинетінде» экспортты растау;
  • экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
  • экспорт кедендік рәсімінде тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
  • тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Импорт кезіндегі құжаттар тізбесі

Егер ЕАЭО-дан импорт болса, онда СЕН 300.00 жасау алдында мыналардың болуын тексеру қажет:

  • Тауарларды әкелу туралы өтініштің тапсырылуы;
  • «Салық төлеушінің кабинетінде» СЕН 328.00 бойынша импортты растау

Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 409 бұйрығымен «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

  • СЕН 300 - 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінен 433-баптың нормалары алып тасталды, ҚҚС қайтаруды әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында Салық кодексінің 434-бабымен салық кезеңінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50%-ын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілеріне ҚҚС асып кетуін - асып кеткен соманың 80%-нан аспайтын мөлшерде қайтару көзделген;

ҚҚС бойынша салық есептілігін (декларацияны) (300.00-нысан) жасау қағидалары