Жүк алушы – жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүкті алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүктерді түсіруді, бекітпелер мен жабындарды алуды, егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк алушы жүргізеді.

Жүк алушы жүкті қабылдауды және жүк алушының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін келген автокөлік құралдарын түсіруді қамтамасыз етеді.

Жүк жөнелтуші мен жүк алушы тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Жүктерді темір жол станцияларының, порттардың (айлақтардың) және әуежайлардың аумағынан әкету кезінде жүк алушы тасымалдаушыдан оған жеткізілген жүкті қабылдайды. Жеткізілуі шартта көзделмеген жүк келген жағдайда жүк алушы мұндай жүкті жауапты сақтауға қабылдайды, бұл туралы тауар-көлік жүкқұжатында көрсетіледі.

Егер компания жүк алушы болып табылса, онда Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларының 51-тармағында және оның нысанында ЭШФ «Жүк жөнелтуші мен жүк алушының деректемелері» D  бөлімінде жүк жөнелтуші мен жүк алушының (олар болған кезде) мынадай деректемелері көрсетіледі:

1) «ЖСН/БСН» 25.1-жолында – жүк жөнелтушінің ЖСН немесе БСН;

2) «Атауы» 25.2-жолында – жүк жөнелтушінің атауы;

3) «Жөнелту мекенжайы» 25.3-жолында – тауарды жөнелту орнының мекенжайы;

4) «ЖСН/БСН» 26.1-жолында жүк алушының ЖСН немесе БСН;

5) «Атауы» 26.2-жолында жүк алушының атауы;

6) «Жеткізу мекенжайы» 26.3-жолында – тауарды жеткізу орнының мекенжайы;

7) «Ел коды» 26.4-жолында – КОК № 378 шешімімен бекітілген әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес елдің әріптік коды (Шешімге № 22 қосымша).

Бұл жол тауарды экспортқа өткізу кезінде немесе тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге бір заңды тұлға шегінде беруге (өткізуге) байланысты толтырылуға жатады, өзге жағдайларда автоматты түрде «KZ» толтырылады.

«Жүк жөнелтуші мен жүк алушының деректемелері» атты D бөліміндегі жолдарды толтыру, «Ел коды 26.4-жолын қоспағанда, міндетті болып табылмайды.